
Бейсенов Арман Зияденович
Археолог, т.ғ.к. 1960 жылғы 14 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тегісшілдік ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында орта білімді алғаннан кейін, 1980-1982 жылдары Кеңес үкіметі әскері қатарында азаматтық борышын өтеген.
Кәсіптік білімін «Тарих» мамандығы бойынша 1982-1987 жылдары аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің тарих факультетінің ұстаздар қауымынан алған.
1990-1993 жылдары аралығында Археология институтының қабырғасында күндізгі аспирантура, сонымен қатар 2001-2004 жылдары күндізгі докторантура бөлімін тәмамдаған.
Негізгі ғылыми қызығушылығына Қазақстан мен далалық Еуразияның соңғы қола мен ерте темір дәуірлеріндегі мәдениеттердің қалыптасуы, дамуы мен өзара ықпалдастығы мәселелерін зерттеу ісі кіреді.
Институт іргесіне келгеннен бері Орталық Қазақстан жеріне тұрақты түрде далалық зерттеу жұмыстарына қатысуда. 1988 жылдан бастап Майкөбе, Баянауыл, Қарқаралы жасағының, ал 2000 жылдан Сарыарқа археологиялық экспедициясының жетекшісі болуда.
2007 жылдан бастап Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы «Беғазы-дәндібай және Тасмола мәдениеттерінің ескерткіштері» атты жобаның ғылыми жетекшісі.
Қазақстан археологиясындағы маңызды ашылулардың қатарына А.З. Бейсеновтың жетекшілігімен 2009 жылғы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы жеріндегі сақ қауымының ауқатты әуелетінің қорымындағы табылымдарды айтуға болады. Зерттеу жұмыстары кезінде бағалы металл мен түсті тастармен әшекейленген ерте темір дәуірінің құнды жәдігерлері табылған болатын.
Бейсенов А.З. қазақ және орыс тілдерінде жарияланған ұжымдық монографияның телавторы, еліміз төңірегінде, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерде жарыққа шыққан 100 жуық ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.
Books
Heritage
- «The barrow of 37 warriors,» a funeral and memorial complex
- Aksu-Ayuly-2, an archaeological monument
- Atasu, the complex of monuments
- Begazy, the burial ground
- Besoba, the complex of monuments
- Buguly, the archaeological complex
- Karazhartas, the burial ground
- Karamende bi, the mausoleum
- Kusbek, the mausoleum
- Kyzylkenysh, a complex of monuments
- Ayranbay (Beskumbez), the mausoleum
- Baigozy, the mausoleum
- Zhidebai Batyr, the mausoleum
- Senkibay Batyr, the mausoleum
- Shaitankol (Auliekol), a natural landscape