Сарайшық қалашығында 2019 ж жүргізілген археологиялық зерттеулер
2017 жылы басталған ІІ қазбадағы жұмыстар 2019 жылы жалғасын тапты.
2019 жылдың далалық маусымында мұнара негізінің сақталған бөлігі, мұнарадан Солтүстік пен оңтүстікке қарай созылған бекініс қабырғаларының қалдықтары, ор бөлігі және қазба солтүстік бөлігінде ордан солтүстік - батысқа қарай орналасқан XIV-XV ғасырдың аяғындағы құрылыстардың қалдықтары ашылды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде қақпалар мен мұнаралар ашылды. Алынған материалдар негізінде қақпалар шамамен XVI ғасырда салынған деген қорытынды жасалды. Стратиграфиялық деректер зерттелген нысандар жасанды түрде салынған құрылымдар екенін көрсетті. Алынған материалдар бұл учаскенің XIV-XV ғасырдың екінші жартысында болғандығын көрсетеді.