
Абдигалиев Мир Кобланович
Тарихшы, археолог Әбдіғалиев Мир Қобланұлы
1984 жылы туған. 2007 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы мамандығын бітірген.
2010-2017 жылдары Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде этнография бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, тарих бөлімінің ғылыми қызметкері, археология бөлімінің археологы, экспозиция бөлімінің аға ғылыми қызметкері, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2017-2018 жылдары Атырау облысы тарихи-мәдени мұраларды қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік иснпекциясында археологиялық ескерткіштерді қорғау секторының маманы, археологиялық ескерткіштерді қорғау секторының меңгерушісі болды.
2018-2021 жылдары «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында археолог, Бас инспектор.
2021 жылдың мамыр айынан бастап, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығында археолог қызметін атқарады.