Өзекті

Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары жаңа археологиялық жаңалық ашты

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жұмыстары республика деңгейінде жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы ретте тарих ғылымының рухани жаңғыруға қосар үлесі орасан зор. Тарихы тың деректерді табу, бағдарламалық мақаладағы тапсырмалардың орындалу үдерісін жеделдетері анық. Елбасы мақаласында айтылған «Қазақстанның киелі географиясы» және «Туған жер» бағдарламалары төңірегінде Ахмет Ясауи университеті, Археология ғылыми-зерттеу орталығының мамандары жұмыстар жүргізіп келеді.

2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ахмет Ясауи университеті, Археология ғылыми-зерттеу орталығының Қазақ-Түрік бірлескен археологиялық эспедициясы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан Мыңтөбе қорымында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Мыңтөбе қорымы қазбалары» ғылыми жобасы Өкілетті Кеңес тарапынан қаржыландырылған іргелі шаруа. Тарихи ақиқатқа қол жеткізуге дерек болар тың қазбалар мен жәдігерлерді айқындаған сәт дәл осы зерттеуден бастау алды.

Мыңтөбе қорымының зерттелу тарихына келер болсақ, 1948-1952 жылдары А.Н.Бернштамның басшылығындағы Оңтүстік Қазақстан Археологиялық Эспедициясы қорымда алғашқы археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Археологтардың назарын аудара бастаған қорымда 1958 жылы А.Г.Максимова, 1982-1986 жылдары Н.П.Подушкин зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Жоғарыда аты аталған зерттеушілер қорымды жартылай жобаға түсіреді. Сонымен қатар, қорымдағы бірнеше обада қазба жұмыстарын жүргізіп нәтижеге қол жеткізе алмай, қорымның хронологиясын жобалап анықтап картаға түсіреді. Осылайша жылдар бойы жұмбақ болып келген Мыңтөбе қорымындағы обалардың сыры Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Археология ғылыми-зерттеу орталығының Қазақ-Түрік бірлескен археологиялық эспедициясының жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылды.

2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ахмет Ясауи университеті, Археология ғылыми-зерттеу орталығының Қазақ-Түрік бірлескен археологиялық эспедициясы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан Мыңтөбе қорымында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Мыңтөбе қорымы қазбалары» ғылыми жобасы Өкілетті Кеңес тарапынан қаржыландырылған іргелі шаруа. Тарихи ақиқатқа қол жеткізуге дерек болар тың қазбалар мен жәдігерлерді айқындаған сәт дәл осы зерттеуден бастау алды.

Қайнар көзі
Alash ainasy
Тегтер

Қатысты мақалалар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Close
Close