Бұғылы ІІ қорымы (Қосмұрын)
Ескерткіш Шопа таулы өзенінің сол жағалауында орналасқан, ал қарсы жағалаудан Бұғылы 2 қонысы орын тепті. Қорым алаңында ертеректе көп болған 50-ден астам құрылыстар тіркелді (ХХ ғ. 50-ші жылдары-ақ су тасқындарымен шайылып кеткен). Қорым қорғандардан, қорған-қоршаулардан, жоспарда доғал және тік бұрышты пішіндегі қоршаулардан және бір «мұртты» қорған кешенінен тұрады.
1952 жылы Ә.Х. Марғұлан жетекшілігіндегі Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен ашылды.
- Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1966. – 436 с.
- Варфоломеев В.В., Кукушкин И.А., Кукушкин А.И., Мәкен Ә.Б., Дмитриев Е.А., Әлкей Е.А., Шохатаев О.С. Қарағанды облысы Шет ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2018. – 175 б.