Айылбас
Айылбас – әбзелдi, жиһазды әшекейлеуге қызмет ететiн немесе тоға, ілмек болып табылатын металл пластина.
Алтын Орда
Алтын Орда, Жошы Ұлысы - ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Хорезм мен Солтүстік Кавказ аумағында Жошы ханның ұлы Батыр хан құрған феодалдық мемлекет. Бату 1236-1255 жылдары Еділ болгарларының, половец даласының, Қырымның, Батыс Сібірдің облыстарын жаулаған. XIV ғасырдың ортасында Алтын Орда Еуропа мен Азиядағы ең ірі мемлекеттердің бірі болды.
Археология
Археология (грек. ἀρχαοος «ежелгі» + λόγος «сөз, ілім») - адамзаттың өткенін материалдық дереккөздер бойынша зерттейтін тарихи пән.
Ақинақ
Ақинақ – біздің дәуірімізге дейін 1 мыңжылдықтың екінші жартысында скифтермен қолданылған қысқа темір қылыш.