Терминдер

Тілімше
Пластина - тегіс дұрыс пішіндегі қатты немесе серпімді материалдың жұқа қабаты.
Ұлық Ұлыс
Ұлық Ұлыс – шығыс деректерде Ақ Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда атауымен белгілі тұңғыш орталықтандырылған ежелгі қазақ мемлекеті.
Ұсақ моншақ
Ұсақ моншақтар - жіпке, қармақ бауына немесе сымға тізуге арналған тесігі бар кішкентай сәндік заттар.
Үңгір
Пещера - находящееся под землёй или в горном массиве углубление, полое пространство с выходом наружу.
Үстірт
Үстірт – жазық немесе толқынды, сәл бөлінген беткі жағы бар, көрші жазық кеңістіктерден айқын жиектермен шектелген биік жазық.
Фибула
Фибула - киімге арналған металл қапсырма, сонымен қатар әшекей қызметін атқарады.
Хан
Хан – Азия билеушісі, түркі-моңғол титулы, сонымен қатар осы атақтың иесі. Бастапқыда ру көсемдерін хан деп атаған.
Храм
Храм - құдайға құлшылық ету мен діни жораларды өткізуге арналған ғимарат.
Шіркеу
Шіркеу - ғибадат пен діни жораларға арналған христиандар жиналатын діни ғимарат.
Іргетас
Іргетас – ғимарат қабырғаларына, машиналарға және т.б тірек қызметін атқарады.
Эволюция
Эволюция – бірте-бірте қайтымсыз өзгерістер үдерісі, даму түрлерінің бірі.
Этнография
Этнография - халықтардың материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым.