Терминдер

Кешен
Кешен (лат. complexio-байланыс, қосылу) - қандай да бір параметрлер бойынша біртұтас объектілер жиынтығы.
Киелі
Киелі дегеніміз (латын тілінен – sacer) – құрмет тұту, қасиетті деп жариялау, құдайға арналған.
Консервация
Сақтау (лат. conservatio - сақтау) - объектілерді ұзақ уақыт сақтауға бағытталған әрекеттер (мысалы. ағаш, тарихи ескерткіштер және т.б.).
Көмбе
Көмбе – жерге көмілген немесе басқа жолмен жасырылған, иесі белгісіз ақша немесе бағалы заттар.
Көшпенділер
Көшпенділер - отырықшы өмір салтын ұстанбайтын тайпалар мен этникалық топтар.
Көші-қон
Көші-қон – адамдардың бір аймақтан (мемлекеттен) екінші аймаққа, кей жағдайда үлкен топтарға бөлініп, ұзақ қашықтыққа көшуі.
Күмбез
Күмбез - ғимараттың (немесе оның бір бөлігінің) дөңгелек, шаршы немесе көпбұрышты пішіндегі жартышарлы жабыны.
Қазан
Қазан - үлкен металл дөңгелек ыдыс (суды жылытуға, тамақ пісіруге және т.б. арналған).
Қазба
Қазба – жер бетінде орналасқан археологиялық ескерткіштерді зерттеу үшін жер қабаттарын ашу.
Қайрағыш
Қайрағыш - пышақтарды және басқа да кесетін құралдарды қолмен қайрауға арналған тас.
Қалашық
Қалашық– археологиялық ескерткіштердің бір түрі, бекіністі мекен.
Қамал
Қамал – қаланы қорғайтын бекініс.
Қанжар
Қанжар - қысқа жүзі бар қадалғыш екі жүзді қару.
Қаңқа
Қаңқа – тірі организмдегі қатты тіндердің жиынтығы.
Қару-жарақ
Қару – тірі немесе басқа нысанаға тигізу үшін арналған құрылымдық түрде жасалған құрылғылар мен заттар атауы.
Қима
Сечение
Қола дәуірі
Қола дәуірі - мыс дәуірінен кейінгі археологиялық дәуір. Бұл кезең қоладан суық қару-жарақ пен құралдарды жасаумен, алғашқы малшылардың, жазудың, құлдық жүйеге негізделген мемлекеттік құрылымдардың пайда болуымен сипатталады.
Қоныс
Қоныс - бұл адамдар ұзақ немесе қысқа мерзімде мекендеген, кішігірім уақытша лагерьлерден бастап, күрделі құрылымдық қалаларға дейінгі кез-келген орын.
Қорым
Қорым - Австралия мен Антарктидадан басқа барлық континенттерде таралған жерлеу ескерткіштерінің бір түрі. Ол, әдетте, жерлеу орнының үстінен топырақ үйіндінің салынуымен сипатталады.
Құйма
Құйма– металды, металл қорытпаларын, пластмассаларды, шыныны және т.б. заттарды балқытып, қалыпқа құйып жасалатын бұйым немесе дайындама.