«Сәкен тұлғасы тарих төрінде» атты жаңа кітап жарыққа шықты

«Сәкен тұлғасы тарих төрінде» атты жаңа кітап жарыққа шықты.
Аталған еңбектің авторы – Мәдени мұраларды ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, өнер зерттеуші Серік Оспанов, жауапты шығарушы – ақын Несіпбек Айтұлы, ғылыми редакторы – сәкентанушы Назгүл Сапиянова.
Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясына қарайтын С.Сейфуллин музейінің «Сырсандық» топтамасының сегізінші бөлімін қамтыған ғылыми-деректі жинақ құрылғанына 100 жыл толған Қазақ Республикасының мерейтойы аясында, тәуелсіз мемлекет құру жолында өз жандарын пида еткен ұлт арыстарының орыс отаршылдығы мен интервенцияға қарсы саяси күресі Алашорда, Ақ гвардия, Кеңес үкіметі көсемдерінің текетіресі архивтік құжаттар мен тарихи деректерге құрылған.
Жинақта 1922-1925 жылдары Қырғыз (Қазақ) АССР-нің Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы болған мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, композитор, ағартушы, жазушы-драматург фольклортанушы-ғалым Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллиннің Орынбор кезеңіндегі қызметі қамтылған.


