Қазақстандағы теңдессіз тарихи мұралар Қытай Ұлттық музейінің интернет-ресурсына орналастырылды
Мемлекетінің 5000 жылдық тарихынан сыр шертетін Қытай Ұлттық музейінің интернет-ресурсында Шығыс Қазақстан облысындағы Елеке сазы қорымынан табылған «Алтын адам», «Үржар ханшайымы» және Ақтөбе облысындағы Тасқопа елдімекенінің іргесіндегі ежелгі обадан табылған Сармат көсемі туралы ақпарат жарияланды.
«Әлемдік көркем мәдениеттің жауһарларымен таныстыру» жобасы аясында орналастырылған мәліметтер халқымыздың өткенінен сыр шертетін тарихи құндылықтарының кеңінен насихатталып, әлемдік аудиторияға қолжетімділігі артуына жол ашады.
Аталған интернет-ресурсына Еуропа, Африка, Америка, Океания және Азия музейлерінің де таңғажайып тарихи жәдігерлері ұсынылған.
https://www.chnmuseum.cn/portals/0/web/zt/gmdc2022/detail.html?id=15&mao=dian
https://www.chnmuseum.cn/portals/0/web/zt/gmdc2022/detail.html?id=15&mao=dian