Ортағасырлық Ақтобе (Баласағұн) қаласында 2009 жылы жүргізілген зерттеулердің қысқаша қорытындысы

2009 жылы далалық зерттеу жұмыстары Ақтөбе қаласының цитаделінен 50 м батыста, шахристанда орналасқан қыш кірпіш қалдықтары шығып жатқан құрылыс орнын тазалаудан басталды. Бүл жерде 1976 жылы қазба жұмысы басталып, ол аяқталмаған. Сол жылы 15х15 м көлемдегі қазба 0,6-0,8 м тереңдікке дейін жүргізілгенде, оның тек солтүстік бөлігінен қыш кірпіштен қаланған қабырғаның қалдықтары шыққан. Сондықтан, 2007 жылы оны қайтадан зерттеу басталып, көлемі 14,5x13,5 м қазбажұмысы жүргізіліп, нәтижесінде құрылыс қалдықтары аршылған. Қазбаның оңтүстігіндегі қыш кірпіш көптеп шығып жатқан жері 6x6,5м көлемде тереңдетілгенде, 0,7 м қалыңдықтағы ретсіз шашылып жатқан қыш кірпіштердің астынан қабырғаның бірнеше қатар қаландылары шыққан.
2009 жылы осы қыш кірпіш қаландысы ерекше ғимараттың орны болуы мүмкін деген мақсатпен 2007 жылы жүргізілген қазбаның солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жағына екі бақылау қазбасы салынды. Бақылау қазбасынан екі қабырғасы белгілі құрылыстың бұрыштары мен қалған қабырғаларын анықтау үшін қазба 10,4x10,З м кеңейтілді. Қазба барысында екі бөліктен тұратын мұнара құрылысының төртбұрышты іргетасы және жоғарғы жағының (цоколь) кішкене бөлігі анықталды. Құрылыстың іші, ортасы толығымен қыш кірпішпен қаланған. Қыш кірпіштерді бір-біріне қиюластырып қалауда арасына саз балшықты қолданған, 2-2,2 м тереңдіктен ашылған іргетасының оңтүстік, шығыс және батыс бұрыштары біршама жақсы, ал солтүстік бұрышы нашар сақталған. Қырылысты 1-1,5 м қалыңдықтағы құланды қыш кірпіштер басып қалған. Құрылысты бұзып, кірпіштері тасып алынғандығы анық байқалады.
Ашылған мұнараның төртбұрышты іргетасының көлемі 8,65х8,5м. Қабырға біркелкі бүтін кірпіштерден қаланса, құрылыстың ортасына сынған және әртүрлі өлшемдегі кірпіштер (22x11х4,5; 22-22,5x22-22,5x4,5; 23x23x4,5-5; 24-24,5x24-24,5x4,5-5,5; 24x12x5; 25x25x4,5-5; 31-32x13,5-14х5 см.) пайдаланылған. Қазбаның жоғарғы жағындағы құланды арасынан арнайы өңделген кірпіштер мен бәдізделіп өрнектелген қыш кірпіштің сынығы кездесті
Қазба құрылыстың жоғарғы жағын ашумен ғана шектелді. Оның табаны мен қазаншұңқырын анықтау үшін оңтүстік-батыс бақылау қазбасы еденіне дейін жеткізіліп, солтүстік-шығыс бақылау қазбасы кеңейтілді. Құрылыс қатты тапталған жерге және қазаншұңқыры қазылып салынған Бақылау қазбасы бойынша құрылыстың сақталған биіктігі 3,6м құрайды. Іргетасының биіктігі 2,6 м. Яғни, орта тұсындағы қаландылары мен батыс қабырғасының біраз жері сақталған құрылыстың жоғарғы бөлігінің биіктігі 1 м.
Құрылыстың жоғарғы бөлігінен батыс қабырғасының кішкене қаландысы және шығысында екі кірпіші ғана сақталған. Тұрғызылуы мен сәулеттік ерекшеліктеріне қарағанда мұнараның осы бөлігі сегіз қырлы болғанға ұқсайды. Іргетастың батыс бұрышында жоғарғы бөлігінің сақталған қабырғасының ұзындығы 1,8 м, биіктігі 0,33 м, яғни алты қатар кірпіш қаландысы. Осыған қарама-қарсы шығыс бұрыш жағындағы жоғарғы бөліктің екі кірпіші сегіз қырлы құрылыстың бір бұрышын құрап қаланған. Бір кірпіші іргетастың шығыс бұрышына үшбұрыш жасап қойылса, екінші кірпіші (диагоналынан сындырылған жарты кірпіш) іргетастың оңтүстік-шығыс қабырғасына параллель 0,35 м ішкері қаланған. Олай болса, мұнараның жоғарғы бөлігінің төрт қабырғасы іргетас қабырғасынан 0,35 м ішке кіріп тұрған. Қалған төрт қабырғасы іргетастың төрт бұрышына қарама-қарсы тұрғызылған. Батысындағы қабырға мен шығысындағы кірпіштің арасы 7,85 м. Соған қарағанда мұнараның сегіз қырлы түбінің (цоколь) диаметрі 7,85 м болған болуы керек.
XI-XII ғғ. жататын мұнараның тік төртбұрышты іргетасы мен жоғарғы бөлігі (цоколь) сегіз қырлы болып келуіне қарағанда Қырғызстандағы ортағасырлық Бурана мен Үзген қаласындағы мұнараларға ұқсас екендігі анықталды.
Шыққан заттардың басым көпшілігі қыш ыдыстар. Олар: құмша, құмыра, тегене, сфераконус, казак, қақпақ, құты және т.б. Негізінен сфераконустың бірнеше түрі шықты. Саны жағынан да сфераконус көп табылды. Оларды көлемімен пішініне, сонымен катар өрнектелуіне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Сырланған ыдыстардан табақтың сынықтары кездесті.
Оразбаев А.М. Раскоп 2 в западной части шахристана // ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағаты. - Алма-Ата, 1976. - 43-45 бб.
Шәлекенов У.Х., Нұржанов А.Ә., Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Актөбе (Баласағұн) қаласында 2007 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулердің есебі // ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағаты. - Алматы, 2008. - 23-25-66.
Дереккөздер
- Мемлекеттік «Мәдени мүра» багдарламасы бойынша 2009 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп . - Алматы, 2009. Казақ және орыс тілдерінде.


