Ой-Жайлау жайлауындағы 2009 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулердің есебі

Ой-Жайлау жайлауындағы 2009 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулердің есебі

Далалық маусымның жоспары бойынша Ой-Жайлау-8 обасының 8 жэне 9 қорғандарын зерттеу жүмыстары жүргізілді. 8-қорғанның жерлеу орнын зерттеу аяқталып, 9-қорғанның тас конструкциясына кесік түсірілді жэне жоспары сызылды.

Маусым бойына екітас қоршаудан тұратын ежелгі түріктік ксшсн зерттелді. Оларда басында ер адам бейнесіндегі тас мүсіндер болды.

8-қорғанның астындағы жерлеу орнын зерттеу обаның тонаушылар кесірінен толықтай жойылғанын, тоналғанын көрсетті. Қорғанның тас сақинасы толықтай бұзылып, жекелеген тастар мен тас үйінділері ретінде ғана қалған. Обаның солтүстік-батыс жағындағы тастар тонаушылар алып тастап, бұл жақтан обаға тонау жолы салынған. Адам қаңқасы тонаушылар эсерінен толықтай жойылған. онда тіпті бас сүйек те сақталмаған. Жинақталған жэдігерлер есебіндс керамикалық ыдыстар қалдықтарын корсете аламыз. Ескерткіштінақты кезендеуге мүмкіндік беретін негіз жоқ.

9-оба диаметрі 5,2-5,3, биіктігі 0,6 болатын тас қалау түрінде болған. Қалаудың оңтүстік-батыс бөлігінен орталыққа қарай тастармен толтырылмаған өзіндік «дэліз» байқалады. Обаның ірі тастардан құралған жамылғысы бұзылмай сақталған. Жерлеу орнынан басы солтүстік-солтүстік-шығысқа бағытталып, шалқасынан созылып жерленген жасөспірімнің сүйегі табылды. Оның бас сүйегінің жанынан құстың бас сүйегі аргаылды. Обаның шығыс қабырғасын бойлай жерленген сүйектің сол жақ шынтағының түбінен вертикалды үстағышы бар керамикалық ыдыс қойылған ниша табылды, сондай-ақ бұл жерде темір пышағы бар қойдың төменгі омыртқасының бөлігіжәне құс сүйегінің қалдықтары табылды (?).

Жерлеу ғұрпының символикалық жағы жақсы көрінген: тас жамылғының беткі қабатынан құмнан жасалған қызыл-күлгін түсті қайрақ, тас жамылғының тастары арасынан қызыл-күлгін түсті доғал құм, тақта секілденіп істелген тас алтарь жэне тас жамылғының солтүстік секторында қорған тастарының астында, топырақ қабатына сұғылған қола біз табылды. Қорған алаңынан мойыны жіцішке ыдыстың тас кақпағы, тастардың арасында немесе астына қойылған керамика кешені табылды. Обаның толтырылуы арасынан бор жиынтықтары байқалады.

Қорғаннан солтүстік-батысқа қарай 11,2 м қашықтыкда құрбандықтың 7-тас шеңбері табылды. Ескерткіш жақсы сақталған, оның мәдени - хронологиялық атрибуциясы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Далалық материалдарды өңдеу жэне мэдени - хронологиялық атрибуциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 9-қорғанның жерлеу ғұрыптары және жерлеуден кейінгі өзгерістер туралы кейбір мэселелер анықталды.

Антрополог А.Исмагулова дайындаған антропологиялық анықтамалар жерленген индивидтің антропологиялық түрін анықтауға мүмкіндік берді; жасы 15-16-да, жыныстық белгілері анық байқалмайды, антропологиялық белгілері- европалық жэне монғолоидтық нәсілдердің араласқан түріне жатады.

Қаңқаның екі қолының буындарының жэне оң аяғының тізе ұршығының жоқ екендігі анықталды.

Жоспарда тіркелген қорған жамылғысының оңтүстік-батыс шетінен орталыққа қарай бағытталған дэліз тектес құрылыстың болуы, сондай-ақ обаны тазалау жұмыстары барысында еденге себілген бордыц қалдығының табылуы жэне обаға кіретін «ойықтың» 24 салынуы - белгілі бір өлген адам зияншылығын жою мақсатыыда жасалғанын кәрсетеді. Мүмкін осындай әрекеттердің эсерінен оң қолының сүйек асты сүйектері шамамен 1 метр оңтүстікке қарай қашықтықтан, ал тас алтарь мен қайрак болса қорғанның бетінен табылды.

9-қорғаннан табылған жэдігерлер арасынан жерлеу камерасының шығыс қабырғасынан табылған керамикалық ыдыс үлкен қызығушылық тудырады.

Керамикалық ыдыс түбі дөңгелек, түлғасы да дөңгелене біткен қысқа мойынды жэне сыртқа қайырылған жақгаулы. Ыдыс биіктігі 11,1-11,3 см., диаметрі -13,5 см. Ыдыстың жоғарғы бөлігінде вертикальды орнатылған ұстағышы бар ыдыс қолмен жасалған, ернеуінің кейбір түзу емес жерлері құмыра денесінің жаксы оюланған жоғарғы бөлігінің айшықтылығымен аса көп көзге түспейді, оюлар белдеу түрінде салынған.

Жалпы белгілері бойынша бұл ыдыс үйсін дэуірінің ыдыстарына ұқсайды. Дегенмен талдап зерттеу бұл ойдың негізсіздігін байқатады. Дөңгелек денесі мен вертикальды ұстағышының болуы үйсін саптыаяқтарына тэн белгілер, бірақ олардың ернеулері болмайды жэне оларға бетіне салынған оюлар тэн емес.

Бүгінгі таңда осындай оюлы ыдыстың толық аналоты кездеспеді, ал жекелеген элементтерінің ұқсастығын кездестіруге болады. Оюлары бар керамикалық ыдыстар Жетісудың жерлеу кешенінде, сақ, үйсін дэуірі қорғандарында да кең таралмаған. Белдеу түріндегі оюлар Шұбарат 1 жэне Каменка обаларының қорғанындағы жерлеу орындарынан кездескен.

Қорғанды кешеннің мәдени-хронологиялық атрибуциясы бойынша жүргізілген жұмыстар мұнда бірнеше мэдени дэстүрлердің элементтері байқалатынын көрсетеді. Кешендегі зерттеулер жалғасуда.

Балбал тастары бар тас қоршаулардың жаңа кешенінде зерттеулер басталды. Кепіен жайлаудың оңтүстік беткейінде орналасқан жэне 23 номерімен жайлаудың археологиялық картасына енді.

Қазба жұмысы барысында екі қоршау тазаланды, олар шаріпы түрінде солтүстіктен оңтүстікке қарай түзу бойымен орналасқан олардың кабырғалары арасындағы қашыктық 1,2 м болады. Екіқоршаудатонаушылар эсерінен қирағаны анықталды.

Солтүсгік қоршау қабырғасымен жерге көмілген 1-2 плиталардан тұратын вертикальды қабырғалары бар тас жэшік түрінде сақталған. Қабырғалардың ұзындығы 2,2-2,4 м. Қоршауды толтырған тастар толықтай сыртқа лақтырылып тасталған.

Балбал тас қоршаудан шығысқалақтырылып тасталған, онымен қатар шығыс қабырға құлаған. Тонаушылар қоршауларды қабырға негіздеріне дейін қазып тастаған.

Екінші оцтүстік қоршау біріншіге параметрлері бойынша ұқсас болып келгенмен, оған қарағанда қатты қираған. Қабырғалары кезінде тігінен қойылған 1-2 плиталардан тұрғызылған. Олардың қазір тек солтүстік жэне батыс қабырғалары ғана вертикальды формада кэлғандары сындырылған жэне құлатылған. Балбал тасы да құлап жатыр. Қоршау негізделген тонауға ұшыраған: қоршаудың ішкі бөлігі қазылған, бірақ толтырылған тастар сыртқа шығарылмаған, тек орындары ауыстырылған. Зертгелген кешен балбал тастардың қоршаудың ортасына, беті шығысқа қарап орнатылғанын байқатады.

Балбал тастардың ұзындықтары 225 см жэне 243 см арнайы таңдап алынған тастардан жасалған. Тастардың бас жағында бейнесі салынған. Солтүстік қоршаудың кейіпкері көздері бір-біріне жақын орналасқан, ұзын мұрынды, мұрты жэне сақалы бар ер адам бейнесінде, оңтүстік балбал таста оған қарағанда жастау, шашақ сақалды, басында қалпақ секілді бас киімі бар кейіпкер бейнеленген.

Аталған жерлеу кешені біз бір жыл бұрын зерттеген Ой-Жайлау - 8 обасындағы 2 5 жерлеу кешенімен мэдени жэне хронологиялық байланыста екені анықталды. Екеуінде де ер адам бейнеленген балбал тастары бар, жэне екеуінің де оңтүстіктегісі қалпақпен. Ерте түріктік кезеңнің балбал тастары арасында мұндай бейнелер белгілі болған емес. Осылайша Ой-Жайлау жайлауында жүргізілген соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша эзіріпе белгісіз культті бейнелерді көрсететін жаңа иконографиялық түрдегі балбал тастар анықталды. Шамалауымызша, Ой-Жайлау балбал тастары Ой-Жайлау мен Тамғалы тасқа салынған кейіпкерлер арасынан өз ұқсастықтарын табуы мүмкін.


Бөлісу

Дереккөздер

  • Мемлекеттік «Мәдени мүра» багдарламасы бойынша 2009 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп . - Алматы, 2009. Казақ және орыс тілдерінде.
Авторлар:Мотов Юрий Аркадьевич

Экспедиция