Түрген шатқалы археологиялық кешені

2009-жылдың далалық зерттеу жұмыстарыньщ негізгі бөлігі - Түрген шатқалының жоғарғы бөлігінде орналасқан эр түрлі кезеңдік археологиялық кешенде жүргізілген археологиялық қазба жүмыстары болды (1 сурет). Зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспарына сэйкес Түрген II археологиялық кешенінің жоспарлануы мен стратиграфиясы бойынша жаңа мэліметтерге қол жеткізу үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазбаның жалпы көлемі 400 м/кв, тереңдігі 80-100 см.
Нотижесінде зертгеліп жатқан аумақта кешеннің солтүстік-батыс бөлігінде ерте сақтық кезеңнің діни мақсаттағы каркасты-бағаналы құрылымы толықтай қазылды, кейінгі сақ кезеңінің киіз үй тэріздес үш тұрағы есепке алыныгі, үйсін кезеңінің үні корғанына қазба жұмысы жүргізілді.
Түрген-I кешенінің үшінші стартиграфикалық деңгейінің тұрғызылуы ежелгі моренаның аумағының солтүстік бөлігінде корінді. Құрылыстың едені одан бұрынғы қираған тұрғын жай шатырының үстіне салынған, ол шатыр ағаш күйесінің қалдықгары бар қалың тығыздалған тогіырақ қабаты түрінде байқалады. Құрылыс-диаметрі шамамен 7 м болатын, ежелгі жер бетінен 30-40 см тереңдікте солүстікке қарай бағытталған дэліз тэріздес кіреберісі бар домалақ форма түрінде. Көлемі 3x5 м болатын еңкіш контурда қатты қоңыр түсті тік бұрышты формадағы тегіс алаңқай табылды (2 сурет). Ол негізгі күрылымға енетін арнайы кіреберіс болуы мүмкін. Кіреберістен 2 м солтүстікке қарай қар барысының екімысығының жерлеу орны табылды (3 сурет).
Құрылым диаметрі 15-20 см болатын Тянь-Шань шыршасынан құрастырылған каркасты-бағаналы жер бетіндегі құрылыс болып табылады. Тіреу бағандары периметрі бойынша бір-бірінен 2-2,5 м арақашықтықта орналасқан. Құрылыс қабырғалары өрім секілді бір бірімен өрілген қалың шыбықтардан тұрғызылған. Шатырдың құрылымы мен ерекшелігі анықталмады. Құрылыстың батыс бөлігінде ішінде ұсақ малдың өртелген қалдықтары сақталған керамикалык құрбандық ыдысы табылды. Қүрбандық ыдысының жанынан қоладан жасалған қоңырау және иілген айна-әшекей табылды.
Аталған құрылысты тазалау жүмыстары барысында табылған элементтерге байланысты, біз бұл қүрылыс діни мақсатта пайдаланылған деп айта аламыз. Атап айтсақ, алғаш рет культті заттардың сериясы (қүрбандық жануардың қалдықтары салынған керамикалық құрбандық ыдысы, шаман немесе абыз таяғы мен костюмының қалдықгары) жэне кұрылые маңынан эртүрлі жануарлардың жерлеу орындары табылды. Бүл мэліметтер осы нысанды культті болған деп есептеуге мүмкіндік береді.
Аталған деңгейде бірнеше қатты бұзылған құрылыстар табылды, олар маңызды керамикалық жэне заттай материалдар алуға мүмкіндік береді (2 сурет). Олар сүйектен, топырақтан, тастан жасалған заттар, олардың арасында эсіресе басымдықта тері өцдеу қолөнерінің үй жайындағы бұйымдары тұрған. Кешеннің стратиграфикалық орналасуы оның өмір сүру уақытын қола дауірінен ерте темір дэуіріне жэне ерте сақтық уақытка өтпелі кезеңмен кезеңдеуге мүмкіндік береді.
Негізгі қазбадан оңтүстік-батысқа қарай түсірілген кесікте тас құрылысты тазалау барысында, 40-60 смтереңдікте 2 стратиграфикалық деңгейден кейінгі сақ дэуірінің үш киіз үй тэріздес тұрғынжайы тіркелді. Ол диаметрі4 м-ден 7 м-ге дейін болатын домалақ форма түрінде. Бұл кезеңде осы кұрылысты орналастыру үшін терең емес (20-40 см) аумақ аршылғаны анықталды (4 сурет). Орталыққа 1 немесе 2 тірек бағаны орнатылған. Периметр бойынша 2 м сайын қабырға бағандар орнатылып, олардың арасында шыбықтан қабырға өрілген. Шатыр конустық формата ие. Тұрғын жайды ішінен де сыртынан да ошақ орны байкалмайды. Ол кіре берістен батысқа жэне оңтүстік-батысқа қарай орналасқан шаруашылық аулада орналасуы мүмкін. Себебі ауланың осы бөлігіиде керамикалық бөлшектер мен жануар сүйектерінің ең көп жиынтығы шоғырланған. Үлкен керамикалық жэне остеологиялық материалдар алынды (3 сутрет).
Ерте темір дэуірінің керамикасы арасынан қүмыра тэріздес, қазан тәріздес, шертпек жэне табақ тэріздес ыдыстардың калдықтары көптеп табылды. Қазан тэріздес ыдыстарға тэн бөлшектер - жагісырмалы құлақтар мен біліктер. Ернеулердің бөлшектері арасында көбіне дөңгелек формалылары кездессе, жұқа қабырғалылары сирек кездеседі. Ыдыстардыц түптері сақ кезеңінің дөңгелек пішінінде сақталған. Ыдыстардың көпшілігінің санасы өте жақсы. Қамыры ұсақ өзен құмының органикалық қоспасынан иленген. Күйдірілімі алаулық жэне пештік, қышқылдық жэне қалпына келтіруші.
Тұрақ керамикасының ең жақын аналогтары жетісулық материалдар ішінде Бутакты-І археологиялық кешенінің сақ дәуірінің тұрағы материалдары арасынан табылды . Іле өзені жазығының жэне Іле Алатауы таулы аймақтарының сақ-үйсін уақыты ескерткішгерінің керамикалық ыдыстарына жақындығы аталған қабатты б.з.д. 1 мыңжылдыгының екінші жартысы ескерткіштерімен сэйкестендіруге мүмкіндік береді.
Белгілері мен стратиграфия мәліметтері жиынтығы бойынша 2008 жылдың далалық маусымында зерттелген ерте темір дэуірінің тұрағы қабаты б.з.д.ІV-III ғғ. кезеңделіп, кейінгі сақтық дэуір ескерткіштеріне жататыны анықталды.. Мүмкін, аталған тұрақ үзақ уақытбойы, керамикалық ыдыстары бойынша б.з.д. 2 ғ. дейін, қолданылуы мүмкін.
Іле Алатауының таулы бөктерінде киіз үйдің алғашқы нұсқалары секілді түрақтардың табылуы кейінгі қола дэуірінен бастап-ақ ерте темір дэуірі мәдениетінде тұрғын жайлардың аталған түрінің дамуы, бұл форманы Қазақстан территориясында пайда болтан деп есептеуге негіз бола алады. Бұл зерттеужүмыстары жергшіктітұргындардың ежелгі дэуірден бастап шаруашылық-тұрмыстық салттарының эволюциясын аңдауга мүмкіндік береді.
Негізгі қазбадан оңтүстік-батысқа қарай кесіктен үйсін заманының диаметрлері 5 м-ден 7 м-ге дейін болатын 3 қорганы тіркелді. Бұл қоргандардан бес жерлеу орны анықталды. Барлық жатдайда обалық қүрылымның негізін бір немесе екі жерлеу шұңқырын жабатын домалақ тас үйінділер құрайды(5 сурет). Мұндай тас үйінділердің жан-жагында кеңдігі 1-2 м болатын сақина тэріздес тас қалаулар орналасады. Қорган жамылгысының негізін осылар құрайды. Жамылгы периметрі бойынша ірі көлемдегі тастардан бекітпе (крепида) орнатылган. Обалар түзу, агаш кеспелтек-шет тақтаймен жабылган жэне жерлеу құрылымына дейін өзен қойтастарымен бекітілген грунтты шұңқыр түрінде болтан. Агаш жақтау түріндегі жерлеу камералары бір жақ үстінен шет тақтайлармен бастырылган. Мұндай дэстүр қола дэуіріне дейін әсіресе Жетісудың биік таулы аумақтарына тэн және бәрінен бұрын географиялық ландшафқа негізделген жергілікті ерешеліктерге сэйкес пайда болтан.
Барлық жерленгендер ұзынынан (10-қорғанның 3-жерлеу орнындағы бүгіліп жерленгеннен өзгесі), басын батысқа - оңтүстік-батысқа қаратып (тек 9-қорғанда басы солтүстік-шығысқа бағытталып қойылған) жатқызылған түрде қойылған. Бас жағына құмыра немесе габақ қойылған (9-қорғандағы жерлеу орнынан басқа). 8-қорғанда жерлеу камерасының үстінде антропоморфты тас баған орнатылған. 9-қорғанда жсрленген адамның кеуде сүйектері қалдықтары арасынан марал мүйізінен жасалғаи үшкір зат, ал мойнында оң жағында ұшталған марал мүйізі табылды. 10-қорғанда жас келіншек пен оның күтушісі және олардың үстіне қойылған егде адамның жерлеу орындары қазылды (6 сурет).
Заттай инвентарь кейде мүлдем кедеспейді (мұндай жағдайда көбіне бас жағынан ұсақ малдың сүйектерінің қалдықтары кездеседі) немесе өлген адамның бас жағында тегене, ал батыс қабырғаға құмыра тэріздес ыдыс (4 сурет) қойылады. Жерлеу-ғұрыптық дэстүрлерге құрбандық ыдыстарын орнатуды қосуға болады. Құрбандық ыдысының ініінде не керамикалық ыдыс, не ұсақ малдың басы салынды. Жерлеу ғұрыптары белгілер ретінде сондай-ақ сақиналы тас қалама ішінен табылған үзеңгі, металл эшекейлер, жебе үштары, сынған керамикалык ыдыс жэне үсақ малдың сүйектері қалдықтарын айтуға болады. Бұл сондай-ақ, оның бірте-бірте бірнеше жыл көлемінде түрғызылған құрылыс екенін көрсетеді.
Жерлеу салттарының ұқсас салтгары Іле өзенінің жазығындағы үйсін дәуіріне жататын ескерткіштердің жекелеген жерлеу орындарынан байқалады. Жекелеген детальдардың аналогтары Көксу өзені жазығының ерте темір дәуірі жерлеу орындарында тіркелген. А.М. Досымбаева тікелей грунтты шұңқырлары бар қорғанды жерлеу орындарын б.з.д. II ғасырдан басталатын үйсін кезеңінің ескерткіштеріне жатқызады.
Сондай - ақ 2009 жылдың далалық кезеңінде Асы үстіртіндегі жэне Түрген шатқалыныц жоғарғы бөлігіндегі озге да археологиялық кешендердің құрылымы мен жоспарлануы бойынша жаңа мәліметтерге қол жеткізу үшін зерттеулер жүргізілді. Жаңадан Түрген шатқалынан ерте темір дэуірінің тұрағынан жэне кола дэуірінің елді мекенінен тұратын көпқабатты елді мекен - Қызылбүлақ-IV табылды жэне осы ескерткішке барлау шурфтары түсірілді. Нәтижесінде ескерткіштің барлық территориясында қола дэуірінің тұрағы жэне ерте темір дэуірінің түрағы қабатының болғанын дәлелдейтін материалдар табылды. Оның ішкі құрылысы кейінгі далалық зерттеулер нәтижесінде анықталады. Асы үстіртінде бұрынғы зерттелген ескерткіштерді бөлшектеу нэтижесінде қола дэуірінің Асы - XIV обасының көгі қабатты қүрылымын анықтауға жэне оның топографиялық түсірілімін жасауға мүмкіндік туды. Оның қүрылымы бойынша Қызылбұлақ-І обасының екінші қабатына сэйкес келетін, бұрын тіркелмеген, жиырма шақты тас коршаудан тұрагын шығыс бөлігі табылды. Обаның толық топографиялық түсірілімі жасалды.
2009 жылдың далалық маусымының нәтижелері Іле Алатауының таулы аумағының ерте темір дәуірінің жерлеу салттары бойынша жаңа мэліметтерге қол жеткізуге жэне күрделі көп қабатты археологиялық кешендердің құрылымы мен жоспарлануын анықтауға мүмкіндік берді.
1. Горячев А.А., Мотов Ю.А. Результаты исследований археологического комплекса Бутакты-1 на юго-восточной окраине города Алматы в 2007 году И Известия НАН РК. Серия общественных наук. Алматы, 2007. Рис. 8-10.
2. Акишев К.А., Кушаев Г.А.. Саки и усуни долины реки Или. Алма-Ата, 1963. Табл. XI.
Дереккөздер
- Мемлекеттік «Мәдени мүра» багдарламасы бойынша 2009 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп . - Алматы, 2009. Казақ және орыс тілдерінде.


