2007 жылы ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласында жүргізілген археологиялық зерттеулердің қысқаша

2007 жылы ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласында жүргізілген археологиялық зерттеулердің қысқаша

Ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Баласағұн ауылында орналасқан.

Бул ескерткіш 2007-2009 жылдарға арналған тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жаңғырту, мәдени мұраны зерделеу жөніндегі іс-шаралар жоспарында «Ақтөбе (Баласағұн) қаласы»-деген атпен енген. 2007 жылы осы ескерткішті археологиялық жақтан зерттеудің екінші кезеңі басталды. Өйткені, «Ақтөбе (Баласағұн) қаласына» 1974 жылдан бері Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологтары (проф. У.Х. Шәлекеновтың басшылығы астында) зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өте бай құнды деректер жинады және ескерткіштің қыры мен сырларын ашты. Көп жылдар бойына жүргізілген археологиялық зерттеулер негізінен студенттердің қатысуы бойынша іске асырылып, мемлекет жақтан қомақты қаржы бөлінбей келген. Енді, егемендікке қол жеткен жағдайда, бұл ескерткіш «Мәдени мұра» бағдарламасына алғашқы рет кіріп отыр. Сондықтан, 2007 жылғы Ақтөбеде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмысын «екінші кезең»-дегенді мақұл көрдік.

2007 жылға Ақтөбе қаласындағы археологиялық қазба жұмысына арналған қаражатқа сәйкес жүргізілген жұмыстардың күрделілері: Ұшақтан Ақтөбе шаһарының орналасқан жерін суретке түсіру; Цитадельдегі алаңды қайта жаңғыртуға дайындау; Оның батысында шахристанда орналасқан құрылыс орнын ашу және рабадта жүргізіл ген зерттеулер.

Ұшақтан Ақтөбе шаһарының алып жатқан орны кең көлемде әуеден әртүрлі биіктікте бірнеше рет суретке түсірілді. 1980 жылы «Л-14» ұшағымен суретке түсірген кезде, ескерткіштің төңірегіндегі М. Қашқаридың жазып қалдырған тарихи жер атаулары, қаланы қоршаған қарауыл төбелер қамтылмаған болатын. Сондықтан, биыл қаланың барлық территориясы, оның төңірегіндегі: Баласағұн тауы (Әулиетау), Жайсан тауы (Бақыртау) және Юнь-Арық (Жонарық) жерлері түгел қамтылды.

Цитадельдің қақ ортасында бұрынғы жылдарда ашылған алаңды тазартып, қайта жаңғыртуға дайындау жұмысы жүргізілді. Көлемі 30х28 м келетін алаңның үстінен 0,4-0,5м қалыңдықтағы топырақтар алынып, алаңның табанына дейін ашылды. Алаңның едені (табаны) көлемі 24x24x5; 25x25x5; 31x17x5; 38x21x5; 38x38x5; 39х39х5 см күйген кірпіштермен төселген. Бұл кірпіштердің көлемі әртүрлі болғанымен, олар қарахан дәуірінде жасалғанына қарағанда, бұл алаң Қарахан әулеті үстемдік етіп тұрған кезде салынғанын байқаймыз.

Алаңға кіретін екі жол ашылды: солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс. Бірінші жол (қақпа) алаңның солтүстік жағынан бұрынғы жылдарда ашылған болатын. Екінші оңтүстік-шығысынан кіретін жол алаңның солтүстік-шығыс жағынан барып қосылады. Жолдың ұзындығы 20м, ені 3-4 м. Оның еденіне жоғарыдан төмен қарай көлемі 41x20x5; 42x21x5,5 см күйдірілген кірпіштер төселген.

Оңтүстік-шығыс жолдың шығысымен жалғасып жатқан цитадельдің бөлігінде қазба жұмыстар басталып, бұл жерлерден бөлмелердің бар екені анықталды. Оларды қазу келесі жылға қалдырылды.

Цитадельдің батысында, 50м жерде шахристанда орналасқан құрылыс орнында көлемі 14,5x13,5 м қазба жұмысы жүргізілді. Бұл құрылыс орнында 1 97бжылы қазба жұмысы басталып, аяқсыз қалған. Құрылыс күйдірілген кірпіштен салынған ерекше ғимараттың орны болуы мүмкін. Сондықтан, биыл оны қайта да н баста п қаздық. 42x21х8 см көлемдегі кірпіштен өрілген қабырғалар шықты. Осы жерді 1 м тереңдеткеннен кейін құлап түскен бөлмелердің күйдірілген кірпіштен өрілген қабырғалары шықты. Кірпіштердің көлемдері біркелкі емес: 22x11x4,5; 22x22x4,5; 23x23x4,5; 24x24x5; 24x12x5; 25x25x5; 31x13,5x5; 32х14х5 см. Осы келтірілген кірпіштерге қарағанда, бұл Қарахан дәуірінде салынған үлкен мәнге ие құрылыс болуы тиіс. Бұл құрылыс келесі жылдары кең көлемде зерттелуі қажет.

Қаланың орталық бөлігі цитадельден оңтүстік-батыстағы төбелердің біріне қазба салынды. Көлемі 23x14x1,5 м төбеде жүргізілген қазба нәтижесінде шарап сығатын шеберхананың орны толық ашылды.

Қабырғалары дүниенің төрт тарабына бағытталған үш бөлмеден тұратын төртбұрышты құрылыстың ұзындығы 12,3 м, ені 5,5 м. Бөлмелер ашылуына қарай батыстан шығысқа қарай нөмірленді. Пахсадан қаланған қабырғаларының қалыңдығы 1-1,2 м, сақталған биіктігі 0,5-0,6 м.

Құрылыстың батысындағы 1-бөлменің көлемі 3x1,З м. Бөлменің солтүстік қабырғасының жиегіндегі еденде сақталған 4 күйдірілген кірпіштің көлемі 34,5x1 8x3,5; 35x1 8,5x3,5; 35x1 9x3,5 см. Кірпіштерді алебастр ерітіндісі арқылы бір-біріне тығыс қиюластырған. Ал қалған бөліктеріндегі кірпіштер сақталмаған, яғни тасып алынған. Бөлме едені шығыс қабырғаның ортасындағы келесі бөлмеге өтетін аумағы 1 5см болатын тесікке қарай 10 см еңіс.

Ортадағы 2-бөлменің көлемі 3,8x3 м. Белые - шығыс, оңтүстік қабырғаларында ені 0,4м, биіктігі 0,3 м сай сақталған. 1 мен 2-бөлмелердіңарасында қалыңдығы 0,6 м қабырға көлемі 41х21х10; 42x22x9-10 см кірпіштерден қаланған. Бөлменің осы қабырғасы ортасында 1-бөлмеден келетін тесіктің екінші шетіне қиылған жасалған бір құбыр қойылған. Қабырғадан көрініп тұрған құбырдың ұзындығы 39см, қабырға жағындағы шетінің аумағы 14,8см, екінші шетінің аумағы 12,4см. Құбырдың тұсында, яғни қабырға жиегінде еденмен бірдей деңгейде 1x0,9м көлемдегі алаңқай күйдірілген кірпіштермен (34,5x1 8x3,5; 35x1 8,5x3,5; 35x1 9x3,5 см) төселіп, шеттері қырынан биіктігі 8-10 см шығып тұрған күйдірілген кірпіштермен қатарластырыла қойылып жиектелген. Кірпіштердің арасы алебастр ерітіндісімен тығыз қиюластырылып, қырлары мен бұрыштары сыланған. Алаңқайдың батыс шетінің ортасына үлкен хұм көмілген. Хумның ішкі биіктігі 94 см, ернеуінің аумағы 49см, ішкі түбінің аумағы 27 см.

Құрылыстың шығысындағы 3-бөлменің көлемі 3,2x3 м. Бөлменің батыс қабырғасындағы ені 1,2 м, оңтүстік қабырғасындағы ені 0,8 м сәкі орындары нашар сақталған. Батыс сәкі ортасынан аумағы 45 см болатын ошақ орнының қалдықтары шықты.

Барлық үш бөлме де шарап дайындаумен немесе шарап пен жүзімді сақтаумен байланысты. Шарап жасау процесі 1 және 2-бөлмелерде жүргізілген. Алғашында 1-бөлмені жүзімге толтырып сыққаннан кейінгі шырыны құбыр арқылы ағып келіп 2-бөлменің батыс қабырғасы жиегіндегі еденге көмілген хұмға құйылған.

Сөйтіп, 2007 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Ақтөбе (Баласағұн) ескерткіші алғашқы рет зерттеліп, онда бұрынғы ашылған нысандарды қайта жаңғыртуға дайындау және қазба жұмыстары жүргізілді. Ескерткіштің алып жатқан жері толық қайтадан картаға түсірілді. Бул жылғы зерттеудің ғылыми есебі жазылып жатыр.

 


Бөлісу

Дереккөздер

  • Мемлекеттік «Мәдени мүра» багдарламасы бойынша 2007 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп . - Алматы, 2008. Казақ және орыс тілдерінде.
Авторлар:Нуржанов Арнабай Абишевич,Шалекенов Уахит Хамзаевич,Акымбек Ералы Шардарбекович

Экспедиция