Ортағасырлық Сауран қаласының солтүстік-шығыс қақпасындағы қазба

Ортағасырлық Сауран қаласының солтүстік-шығыс қақпасындағы қазба

Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасына кіретін ортағасырлық Сауран қаласынын бекіністерін зерттеу мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің арасында жасалған келісім-шартқа байланысты осы университеттің Археология ғылыми-зерттеу орталығы 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ортағасырлық Сауран қаласындағы қазба» тақырыбын орындау мақсатымен ортағасырлық Сауран қаласынын солтүстік-шығыс қақпасында қазба жұмыстарын жүргізе бастады.

Бүл қақпаның орналасқан жері туралы XIII ғ. басында Зайнаддин Васифи жазған болатын. Солтүстік-шығыс қақпаның қазіргі көрінісі екі жағын құлаған қабырғалар мен мұнаралар қоршаған қаланың қамалын шығыстан батысқа қарай кесіп өткен ұзындығы 20- 30 м, ені 5-14м, тереңдігі 4,5-7 м сай болып жатыр.

Осы қақпаның орнын ашу мақсатында қыркүйек айында басталған қазбаның ұзындығы 30 м, ені 5-8 м. Қазба жұмыстарының барысында оның жоғарғы қабатынан қалыңдығы 1-1,5 м тереңдікке дейін топырақ пен кесек аралас құланды шықты. Қазбаны одан ары жалғастыру барысында 1,5 м тереңдіктен қала өмірінің соңғы кезеңдегі оған кіретін жолдың және қақпаның қалдығы ашыла бастады. Ені 5 м келетін дәліз тәрізді жолдың екі жағынан қоршап тұрған кесектен (40x20x8, 42х21-22х8 см) қаланған қабырғалары мен мұнаралардың биіктігі 5,5-8 м. Осы жолдың орталық бөлігінде орналасқан ені 2,75м келетін қақпаның екі жағы (қабырға жиегінен қақпаға дейінгі аралықта) күйдірілген кесектен қаланған қабырғаларға бекітілген. Күйдірілген кесектен (26x26x5, 25x25x5, 21x21x5 см) қаланған бүл қаландылар қатты бұзылған, оның 9 қатарын сақталған биіктігі 0,8м солтүстігіндегісінің көлемі 1,7-2х1,2 м, ал 3 катар сақталған биіктігі 0,4 м оңтүстігіндегісінің көлемі 0.65-0,85x1.3x1. Осы қаландылардың түбі мен жан-жағында 4-5 м аралықта құлаған кесек қаландылары, сынған және күйдірілген кесектер ретсіз шашылып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда бүл құрылыстардың кесегін XIX ғ кезінде бұзып алған. Қақпаның төңірегін топырақ пен күйдірілген кесек құландысынан тазартқан кезде астынан тапталған жолдың табаны ашылды. Жолды тазарту кезінде оның деңгейінен бірен-саран ыдыс сынықтары, мыс теңгелер (монета) және төрт қырлы жебе ұштары табылды. Қақпа бағаналарының орнын тазарту кезінде жолдың деңгейінен 16-37 см тереңдіктен қақпаның он және сол бағаналарының астына қойылған тастар табылды. Солтүстік бағананың астындағы тастың ұзындығы 70 см, ені 34 см, биіктігі 24-25 см, оңтүстік бағананың астындағы тастың ұзындығы 55см, ені 34 см, биіктігі 24-25 см, екі тастың ортасындағы ойықтардың аумағы 14 см, тереңдігі 3,5;4,2 см. Тастардың ойықтарында бірнеше қабат тапталған топырақ қабыршақтарының болуына қарағанда оларды ұзақ уақыт пайдаланған. Қақпанын бағаналарының астына қойылған тастар осы қала төңірегіндегі қорымдардың біріндегі зираттың басына қойылған ұзындығы 1,25 м, ені 34 см, биіктігі 24-25 см, бір құлпытастың сынығы. Төртбұрышты келген тастың бетінде және қырларында қатты батырылып сызылған (оның бетінен 1,5 см төмен) арасы 1 см екі қатар сызығы бар.

Сонымен, 2005 жылғы қыркүйек-қараша айлары кезіңде жүргізілген қазба жұмыстарының барысында ортағасырлық Сауран қаласының соңғы кезіндегі жол мен қақпа ашылды. Жұмысты одан әрі жалғастыру кезіңде осы жол мен қақпадан төмен жатқан, одан бұрынғы жол мен қақпа ашыла басталды.


Бөлісу

Дереккөздер

  • Мемлекеттік «Мәдени мүра» багдарламасы бойынша 2005 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп . - Алматы, 2005. Қазақ жэне орыс тілдерінде. Отчет об археологических исследованиях по Государственной программе «Культурное наследие» в 2005 году. - Алматы, 2005. – 218 стр. На казахском и русском языках.
Авторлар:Елеуов Мадияр Елеуұлы,Калиев Сауран Калиевич,Акымбек Ералы Шардарбекович

Экспедиция