Қараспантөбе қала жұртындағы археологиялық зерттеулер
Қараспантөбе қала жұрты Арыс өзені ағысының орта тұсында, өзеннің оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауылының солтүстік-батыс шетінде орналасқан.
Ескерткіштің нобайы екі бөлікті, солтүстіктен батысқа созылған төртбұрышты тебе түрінде. Етегінің аумағы 90-120 м төбедегі алаңқайдың көлемі - 50-65 м, биіктігі - 22-24 м.
Тебе айналасында ордың іздері байқалады, ал одан төменірек алаңқай орналасқан. Бүл төбені жан-жағынан қоршап жатқан, рабад құрылыстарының орны. Қала жұртының орталық бөлігін шеңбер түрінде қоршап жатқан рабадтың жалпы нобайы байқалады (1 фото).
Жалпы алғанда Қараспантөбе-Арыс өзенінің орта тұсындағы ірі ескерткіш. Координаттары - N42°21’79”, Е069°02’559”.
Ескерткішті өз уақытысында XIX ғ. аяқ кезінде-ақ Н.П. Остроумов атап кетеді, кейіннен ол «Ескерткіштер жинағында» да суреттеледі. Ескерткіштің өмір сүрген уақыты бірінші ғасырлар - XVIII ғ. шеңберінде. Оны А.Н. Бернштам басқарған Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясы 40-шы жылдардың аяғы мен 50-шы жылдардың басында зерттеген еді1.
№1 қазба төбенің оңтүстік-батыс бөлігінде жүргізілді. Әлем шартараптарына бағытталған, көлемі 25x25 м. Беткі 30-40 см келген топырақ қабатын тазалағаннан соң едендері 0,5-0,7 м терендікте шыққан жайлардың орындары шыға бастады. Оларды салу барысында шикі кірпіш пайдаланылып, тас кең қолданған (2 фото). Тұрғын үйлер ауқымы 32x25x10-15 және 23-25x20x8-10 см келген тікбұрышты шикі кірпіштен қаланған. Кейде қолданысқа күйдірілген кірпішті екінші рет пайдаланған. Ашылған құрылыстар тобының ортасында әдетте аула орын алған, оларды тазалау барысында шаруашылық шұңқырлар шығатын. Аула, сірә, ашылған кешен - мәхәлла тұрғындарының малын ұстайтын қосы ретінде пайдаланылған болса керек.
Тұрғын жайлар екі, үш және торт бөлмелі үйлерді құрайды. Үйлердің әрқайсысында бөлменің алатын сыпаға қаланған тандыры бар. Тандырдың от жағатын жері және қабырғаға немесе қабырға бұрышына шығарылған қысқа мұржасы бар. Тандыр алдындағы жерде ташнау орналасқан. Бұл пайдаланылған су құйылып сыртқа шығарылатын санитарлық-гигиеналық құрылыс. Басқа бөлмелер астық, жеміс-жидек сақтайтын саздан жасалған сандықтар мен ыдыстары бар қойма қызметін атқаратын.
Керамика негізінен еден деңгейінен жиналып алынды. Түсті және мөлдір сырлы керамика басымдау. Әшекейі біртүсті - марганецті, немесе екітүсті - марганецті және көгілдір. Күн белгісі (басма) өрнектің негізгі элементі болып келеді. Бұйымдар арасынан тостағандар, табақшалар, құтылар, тагоралар көбірек ұшырасады. Соңғылары әрбір үйде, оның әрбір бөлмесінде міндетті түрде кездеседі. Әдетте олар тандыр жанында тұрады. Олардың тұлғалары тегіс келіп, ернеуі кішігірім қайырылған жиек түрінде болады. Сыртқы беті өрнектелмеген, ал ішкісі мөлдір шыңылтыр астынан қою-қоңыр, көк және көгілдір бояулармен әшекейленген. Өрнектерінде шиыршықтар мен ирек жапырақшалар басым келеді, біреуінің қабырғасында балықтар бейнеленген.
Қолменен, таспалық әдіспен жапсырылған құм мен құмшалар бөліктері көп. Құмшалар тізбектетіліп бастырылған шекпелер мен бірнеше ирек сызықтармен безендірілген. Құмдардың тұлғалары қиғаш шекпелермен бастырылатын. Құмдардың ернеулерінің бірнеше түрі бар, әдетте олар қалыңдатылып, сыртқа қарай қиғаштатылған жалпақ немесе жұмыр жиегі бар болып келеді. Осыған ұқсас құмдар Отырар территориясындағы қала жұрттарының XV-XVII ғғ. материалдарында да кездеседі.
Құмыралар түрі сан-алуан: мойыны кең, екі тұтқалы немесе бір тұтқалы. Жоғарғы қабат уақыты XVII-XVIII ғғ. деп межеленеді.
№2 казба аумағы 60 шаршы метр, ол рабадтың оңтүстік-батыс бөлігінде жүргізілді. Материалды және мәдени қабаттардың өзара байланыстарын есепке алуының ыңғайлығы үшін қазба аумағы 2x2 м тікбұрышты аудандарға бөлінді. Материалдар биіктігі 0,5 м келетін ярус-қабаттармен тіркеліп отырды. Стратиграфиялық қазба, кем дегенде 5 кезеңнен түратын қала маңы қоныстануының күрделі суретін ашып берді.
Қабырғалары пақсадан соғылған бөлмелер орындарының бөліктері X ярустың бетінен шықты, бүл бірінші кезеңнің қабаты. Едендер шикі кірпіштен төселген, оның үстінде құрылыққа қазылып орнатылған өндірістік пештер мен шұңқырлар орналасқан. Мұндағы керамикалық материал I-IV ғғ. Отырар-Қаратау мәдениетінің бірінші кезеңіне тән.
Екінші құрылыс қабатынан (3,6-3,9 м тереңдікте) темір өңдеуге арналған темір ұста-қолөнершінің құрылысы шықты. Бұл ойды мұнда темір ерітуші шоқ ошағының және темір шлактарының шығуы айғақтайды. Кешеннің материалы Отырар-Қаратау мәдениетінің III-V ғғ. кезеңіне жатады.
Үшінші құрылыс қабатынан күйе-көмір қалдықтары және пешке жел үрлейтін тетігінің қалдығы бар металл өңдеуші пештің орны шықты.
Кешеннен тоқыма-жіп иіру өндірісінен хабар беретін әртүрлі өлшемдегі ұршықтардың шыққандығын айта кету керек. Қабат уақыты - V-VI ғғ.
Төртінші құрылыс қабаттан, 2,4 м терендікте және арасында темір дайындамалары кездесетін нығыздалған мәдени қабат үстінде орналасқан нысана шықты. Жоғарғы қабаттардан табылған асыл немесе түсті металлдарды құюға арналған отқа төзімді, коалинді ақ саздан жасалған кішігірім тигель- стақанды осы өндіріспен байланысты деп көрсе- туге болады. Керамикалық материалға қарап бүл кезеңді алдын-ала VII ғ. мен IX ғ. бас шеніне жатқызуға болады.
Тыңғылықты мағлұмат бесінші сәулет- құрылыс кезеңінен (III-IV ярус-қабаттары) алынды. Тұрғын кешеннің салтаннық бөлме бөлігі ашылды. Оның қабырғалары шикі қыштан тұрғызылған. Сонымен катар XII жөне кейінгі ғасырларға тән, өлшемі 25x25x4 см, күйдірілген кірпіштер де қолданылатын.
Мехрабы бар сән-салтанат бөлмесі өте қызықты. Бұл жәйт Арыс алқабында мұсылмандыққа дейінгі культтердің Оңтүстік Қазақстан қалаларында ислам орныққан қарахандық дәуірде де өмір сүргендігін көрсетеді. Сонымен катар өрнектелуінде мұсылмандық сарындары, соның ішінде «куфи» шекпесі бар тұрмыстық және салтанаттық керамиканың қолданылуы да қызығушылық тудырады.
Жазба деректер орталығы Усбаникет қаласы болған Кенджид округін Испиджабтан Отырарға баратын жолда, Арыстың орта бойында орналастырады. Кейінгі монгол уақытында Кенджеде өзінің теңгесін соққан ақша сарай болғаны белгілі. Кенджиде және Кендже атаулары бір аймаққа байланысты айтылса керек.
Деректер XIV ғ. бұл жерде Қарасаман және Халадж Қарасман қалаларын орналастырады. Соңғысы Хафиз Таныш шығармасында 1581 жылы Абдаллах ханның қазақ даласының ішіне жорық жасаған кезде тұрақтаған бекініс ретінде аталады2.
Карасаман-Халадж қазіргі Қараспан қала жұртының орнында орналасқаны даусыз. Ал X ғ. ал-Макдиси мен Ибн Хаукаль атап кеткен Усбаникет қаласынын нақты орнын анықтау қиынға соғып түр. Усбаникет Арыстың орта бойындағы ірі қала жұрты Қараспанға сәйкес болуы мүмкін. Алдағы зерттеулер тек бүл сұрақтың ғана басын ашып қоймай, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы орналас- қан бүл үлкен қаланың даму тарихын да тануға мүмкіндік берері сөзсіз.