«Ежелгі Тараз І–ХІХ ғғ.» қалашығы археологиялық ескерткішінің Шахристан аумағындағы атқарылған арх
2014-15 жылдар аралығында «Қазархеология» ЖШС ұжымымен жүргізіліліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстары, Көне Тараз қалашығының оңтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан «Шахристан » аумағы болып табылады. Осы маусымда жүргізілген қазба жұмыстары ауқымды аумақты алып жатыр. Қазбаның жалпы аумағы –10 100 м2 жерді қамтиды. 2014-15 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмысы барысында табылған қыш ыдыстар жəне қола ,күміс теңгелер жəне алтын,күміс əшекей бұйымдары, қола бұйымдары тазартылып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Осы аумақта қазба жұмыстары барысында Қарахан кезеңіне жататың көне қала жұртының құрылыс мəдениетінің нысандары аңықталды(Медресе ХІ-ХІІ ғ.ғ, орталық жəне көше аралық тас жолдары, орталық су құбыр жүйесі, қойма, Көне Тараз қала жұртының көмбесі). 2014 жылғы зерттеу жұмыстары басталып, 2015 жылы жалғасын тапты. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған монументалды құрылыс қалдықтары – бүгінгі күнде Қазақстан территориясындағы ХІ-ХІІ ғасырларындағы ең көне діни білім орталықтарының бірі.