Қаратау археологиялық отрядының Қызылсу және Жасажырық қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұ

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық мұражайының «Археология жəне ескерткіштерді қорғау» бөлімі мен Қазақстан Республикасының Орталық музейінің қызметкерлері (Айтқұл Х.) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Майдантал ауылдық округіне қарасты Қызылсу жəне Жасажырық обалар қорымында 2012-2013жж. аралығында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Қызылсу обалар қорымынан үйсін кезеңіне жататын 2-оба, ал Жасажырық обалар қорымынан 3-оба аршылып зерттелді. 2013ж. қорымда жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде обалардан табылған уақ мал сүйектері құрбандық шалу дəстүрінің терең қалыптасқанын көрсетеді. 2012-2013жж. Қызылсу жəне Жасажырық обалы қорымында зерттелген ескерткіштерді қорытындылай келе оларды б.з.д. ІІІ - б.з-ІІІ ғғ. деп мерзімдеуге болады.