Ақпан І үйігіндегі зерттеулер
«Акиматсервис - Бейнеу» корпоративтік корымен жасалған келісімшарт негізінде «Археология» ЖШС Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының Тұрыш ауылдық округі аумағында орналаскан ерте темір дәуірінің Ақпан 1 үйігінде (№ 1 а сурет) 2011 жылдың мамыр-маусым айларында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Үйік Тұрыш ауылынан солтүстік-батыста 25 шақырым жерде, айналасындағы алты-сегіз шакырым жер көрінетін биіктікте орналаскан. Ақпан 1 үйігіндегі далалық зерттеу нәтижесінде оба үйіндісінің екінші оңтүстік жарты сыртқы бөлігі орға дейін кезең-кезеңімен зерттелді. Әр тереңдікте әр тарихи кезеңнің кыш ыдыстарының сынықтары (ерте темір дәуірінің қара, сұр түсті, қабырғасы қалың, нашар күйдірілген қыш құмыраларының сынықтары мен ортағасырлық айналмалы шарықта жасалған, қызыл түсті ыдыс сынықтары) араласа кезігіп отырды. Тарихи кезең қабаттарының араласып кетуі салдарынан мұндағы әр тереңдіктен табылған көптеген сан мың қыш ыдыстардың сынықтары мерзімдік нақты дата бере қоймағанымен, сол құрылысты салған халықтардың қыш жасау ісі бойынша Батыс Қазақстан өңірінде зерттелуі кешігіп жаткан сала бойынша косымша мәліметтер беретіні анық. Құрылым кабырғасы тас пен топырақтан тұрғызылған, калыңдығы 6-7 м. Объектінің ішінде саз топырақтан еден жасалыпты. Еденнің төрт жерінде ішінде мал-жануарлардың сүйектері мен қыш ыдыстардың сынықтары бар шұңкырлар қосымша зерттелді.
Ақпан обасы шетіндегі ордан алынған топырақ пен алыстан әкелінген ұлутас плиталардан б.з.д. V-IV ғасырларда тұрғызылған, алғашкы диаметрі 20,4 м, биіктігі 7-9 метрден кем емес болған ірі архитектуралык ескерткіш. Айналасында кейіннен сол адамға арнап, құрбандыктар шалса керек.