Ордазы ескерткіштер тобындағы археологиялық зерттеулер

2020ж. далалық маусымында Ордазы ескерткіштер тобына археологиялық зерттеулер жүргізілді. Сортөбе1 қалашығында ескерткіштің өмір сүруінің үш кезеңіне жататын тұрғын үйлердің орны қазылды; Сортөбе 2 қалашығында - ескерткіш цитаделінің тұрғын ауданы және бекініс қабырғасының бір бөлігі аршылды. Бүгінгі күні Сортөбе 2 қалашығында ескерткіштің өмір сүру кезеңінің төрт құрылыс кезеңі анықталып отыр. Сондай-ақ, Сортөбе 2 қалашығының оңтүстігінде орналасқан қорымда қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2020ж далалық маусымы кезінде ескерткіштердің 314 м2 зерттелді. Археологиялық мәліметтерге сүйенсек, Сортөбе 1 қалашығы б.д. VIII – IX ғғ., ал Сортөбе 2 қалашығы –XI – XII ғғ. мерзімделеді.

Бөлісу

Дереккөздер

  • Тажекеев А.А., Дарменов Р.Т., Билялов С.У., Амиргалина Г.Т., Назаров А.Ж. Султанжанов Ж.К., Курманиязов И.С. Ордазы ескерткіштер тобындағы археологиялық зерттеулер // Марғұлан оқулары–2021: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 30 жылдығына арналған «Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы Дала» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (Алматы қ., 26–27 қазан 2021 ж.). 3 томдық. - Алматы: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, 2021. - 2-том. - 280 б.
Авторлар:Тажекеев Әзілхан Әуезханұлы,Дарменов Рустем Турарбекович,Султанжанов Жетесби Канапияевич,Курманиязов Ислам Серикович,Билялов Сейдалы Умиртаевич,Назаров Агабек Женисбекулы

Экспедиция