Жанкент қаласында 2020-2021 жж. далалық маусымда жүргізілген археологиялық жұмыстар
2020 жылғы далалық маусымда № 1 қазбада жартылай және толық сегіз үй-жай (№57,60,63,64,65 үй-жай) анықталып, ашылды. Негізгі археологиялық жұмыстар ерте айналма қабырғаның ішкі фасы бойында жүргізілді.
2021 жылғы далалық маусымда қазба жұмыстары көне құрылысшылар кіші лабиринт түрінде жоспарлаған қалашықтың басты кіру (Шығыс) қақпаларында жалғасты. Археологиялық жұмыстар барысында сондай-ақ қорғаныс құрылыстарын салу үшін пайдаланылған құрылыс материалы туралы деректер алынды.