Ортағасырлық Қышқалада 2021 жылы жүргізілген зерттеулер

2021 жылы зерттеу ескерткіште 2018 жылдан жүргізіліп келе жатқан археологиялық қазба жұмыстарының жалғасы. 2021 жылы ортағасырлық Қышқала маңында барлау жүргізіліп, Қышқаланың тарихи- топографиялық құрылымын анықтау және қаланың орталық бөлігінде стратиграфилық қазба, шаруашылық аймағында 1-қазба одан әрі жалғастырылып, 2020 жылы қазылған кесік кеңейтіліп ( 8-қазба), қаланың орталық бөлігінде 9-қазба және қорғаныс жүйесін анықтау мақсатында кесік ( 10-қазба) салынды. Нәтижесінде, 6 ортағасырлық қалада( Заңғарқала, Егембай, Сайқұдық, Қожақазған, Тоқсейтқала қаласы мен елді мекендері) қайта зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бұрын есепке алынбаған 7 қала мен елді мекендердің (Мадиярқала, Жайны қалашығы, Жайны бекінісі, Сайқұдық І қалашығы, Үш Асар 1,2,3 ортағасырлық қалалар) орны ашылып, есепке алынды. Қыщ\шқалада жүргізілген зерттеулер барысында қаланың тарихи-топографиялық құрылымы анықталып, 1-қазбадан екі бөлмеден тратын кесене, 8-қазбадан көлемі 10х10 м кесене ашылды. 9-қазбадан қаланың өмір сүрген уаұытын анықтайтын материалдар алынып, 10-қазбадан нан қаланы қоршаған қамалдың екі кезеңде салынғаны анықталды.

Бөлісу

Дереккөздер

  • Елеуов М., Талеев Д., Есен С, Құрманиязов И., Молдахмет А. Ортағасырлық Қышқалада 2021 жылы жүргізілген зерттеулер // Марғұлан оқулары–2021: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 30 жылдығына арналған «Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы Дала» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (Алматы қ., 26–27 қазан 2021 ж.). 3 томдық. - Алматы: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, 2021. - 2-том. - 280 б.
Авторлар:Елеуов Мадияр Елеуұлы,Есенов Сырым Ғаділбекұлы,Талеев Докей Абдикеримович,Курманиязов Ислам Серикович,Молдахмет Архад Айтжанович

Экспедиция