Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті археологиялық жасағының, ҚР Орталық мемлекеттік музейінің экспедициясы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің қатысуымен және "Бәйтерек-Келдібек" қоғамдық қорының қолдауымен 2021 жылы Қараспан ауылы маңындағы (Ордабасы ауданы, Түркістан облысы) Төлебайтөбе ІІІ қорымын зерттеуді жалғастырды. 6 және 7 обалардағы катакомбалық жерлеулерді зерттеу барысында мынадай бұйымдар жиынтығы табылды: ыдыс-аяқ, қару-жарақ( темір жебе ұштары), тұрмыстық заттар ( темір пышақтар), әшекейлер (моншақтан жасалған қол білезіктер жиынтығы, каури қабыршақтары мен жұдырық тәрізді кәріптасты алқалар). сонымен қатар өзінің этномәдени параметрлері бойынша Қаңлы мемлекеті мен азиялық сарматтармен байланысты сәндік-бояу құралдары ( тас сүрмелер мен графит түріндегі бояғыш негіздер), қола сырғалар мен сақиналар және басқа арптефактілер табылды. Төлебайтөбе ІІІ қорымының катакомбалық жерлеулерінен алынған археологиялық материалдарды мерзімдік тұрғыдан талдау арқылы б.д.д. І ғасыр – б.д. ІІІ ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді.
Дереккөздер
- Подушкин А.Н. Донец А.Г. Раскопки катакомбных погребений могильника Тулебайтобе ІІІ // Маргулановские чтения–2021: материалы международной научно-практической конференции «Великая степь в контексте этнокультурных исследований», посвященной 30-летию Независимости Республики Казахстан и 30-летию Института археологии им. А.Х. Маргулана (г. Алматы, 26–27 октября 2021 г.). В 3-х томах. - Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2021. - Т. 2. - 280 с.


