Күршім ауылында 2012 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қалжыр ауылынан солтүстік шығысқа қарай 4 км жерде, Қалжыр өзенінің оң жағалауында орналасқан Алқым 1-3 қорымдары өзен арнасын бойлай оң жақ жағалауында солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеліп келеді. Әр қорымды әр кезеңде қалыптасқан өзен террасалары бөліп тұр. Болжам бойынша аталған жерлеу ескерткіштері Шығыс Қазақстанды, Алтайды, Ертістің жоғарғы аңғарын мекендеген көне түркі тайпаларының мұрасы. Түйетас қорымы Күршім ауданының Боран ауылдық округінің территориясында орналасқан. Түйетас қорымындағы қазылған қорғандар материалдарына, сыртқы құрылысы мен ішкі құрылымына қарағанда б.д.б. VI- б.д.б. IV ғасырлармен мерзімдеуге болады. Күршім ауданындағы Алтай тауы баурайларының әр жерлерінен археологиялық барлау және Алқым-2 қорымындағы қорғандардан көне түріктерге тән археологиялық ескерткіштер табылса, ал Түйетас қорымындағы екі қорған ерте темір дәуірінікі екендігі археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде анықталды.

Бөлісу

Дереккөздер

  • Омаров Ғ.Қ., Төлегенов Е.Т., Джумагулов Н. Күршім ауылында 2012 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар // Отандық археология жəне этнология: зерттеулер, жаңалықтар, талдаулар» атты «V Оразбаев оқулары» республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары. 26-27 сəуір 2013 ж. / құраст.: А.Б. Қалыш, Р.С. Жуматаев, М. Шагирбаев: жауапты ред. А.Б. Қалыш. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 526 б.
Авторлар:Төлегенов Е. Т.,Омаров Гани Калиханович,Джумагулов Н.

Экспедиция