Қырықүңгір қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары
2014-2015 жылдардың жазғы маусымында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шыңғыстау археологиялық экспедициясы» Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының террриториясында өз зерттеулерін жалғастырды. Зерттеу нәтижесінде тас дәуірінен бастап, қола, ерте темір, түркі кезеңдерінің 270 тен астам кешенді ескерткіштері тізімделді. Сонымен бірге Олжай ауылының жер әкімшілігіне қарасты Қаракемер қойнауында, Тоқтамыс ауылының маңынан Айтуған, Қырықүнгір қорымдарында және Құндызды ауылының әкімшілігіне қатысты Суықбұлақ, Баймағұл қорымдарына қазба жұмыстары жүргізілді. Археологиялық қазба жұмыстары әр кезеңге жататын төрт ескерткішке жүргізілді. Олар: сақ дәуірінің мұртты обасы және қола дәуірінің үш қоршауы.