Оңтүстік-Батыс Алтайдағы 2015 жылғы археологиялық зерттеу жұмыстары

2015 жылы зерттелінген Қабырғатал қорымы Боран – Күршім тас жолынан солтүстік-шығыс бағытта 7 шақырым, Егіндібұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 шақырым жерде орналасқан. Нысан аталған фермадан шығысқа қарай 700 м жерде. Зерттеу нысаны орналасқан аймақ Алтай тауларының Зайсан қазаншұңқырымен астасатын жоталы-қыратты бөлігі. Оңтүстік-Батыс Алтай тауы баурайларынан археологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде қола дәуірінен бастап, көне түркі кезеңіне дейінгі ескерткіштер анықталып, олар нақты орындарының координаталары бойынша картаға түсірілді. Оңтүстік-Батыс Алтайдың ежелгі және ортағасыр көшпелілерінің бастау қайнар көзі – қола дәуірінің ескерткіштері де сол жерден кездейсоқ табылған сына жазуы бар тас жәдігерге және сыртқы құрылысы қазбаға дейін түркі қоршауына ұқсас болғандықтан да қазба жұмыстары жүргізіліп, зерттелді.