ҚР Мемлекеттік Орталық Музейінің 2014 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Ақтерек ауылдық окр
ҚР МОМ-ның Алматы археологиялық экспедициясының Ақтерек тобы (жетекшісі Х.А. Айтқұл) 2014 ж. Іле Алатауының солтүстік-батыс беткейі, Ақтерек ауылының оңтүстік шетіндегі тау бөктерінде орналасқан қола, ерте темір дәуірі және түркі кезеңінің археологиялық ескерткіштерін анықтап, қазба жұмыстарын жүргізді. Атап айтар болсақ мынандай ескерткіштерде археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді:
1. Ақтерек қорымының солтүстік тобындағы №1, №2 және №3 обаларға;
2. Ақтерек қорымының оңтүстік тобындағы №1, №2 және №3 обаларға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді;
3. Ақтерек қорымының қола дәуірі обалы тобындағы №1, №2 обаларға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қазба жұмыстары жүргізілген обаларда рекультивациялық (қайта көму) жұмыстары да атқарылды. Сұлуқоян шатқалындағы барлау жұмыстарының нәтижесінде таутекелер, аңшылық көріністері бар шекілген петроглифтер анықталды.