Жайпақ қаласында 2015 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары

2015 жылы зертттеу маусымында Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, т.ғ.д. Ә.Т. Төлеубаев басқарған экспедиция ортағасырлық Жайпақ қаласына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жайпақ қаласы Үшарал ауданы, Жайпақ ауылынан оңтүстік батысқа қарай 6 шақырым жерде орналасқан. Сыртққы дуалының құландысының биіктігі 1,5- 2 м шамасында. Құлаған қабырғасының жайылған топырағы 8-9 метрден бастап, кей жерлерінде 22 метрге дейін жайылған. Қаланың сыртын айнала бірнеше жүздеген метрге дейінгі аймақта үйілген төмпешіктер, қаланың оңтүстік батысында шамамен 200-250 метр жерде көп мөлшерде жерлеу орындары (сақталғандары 180-200 шамасында), сонымен қатар, қаланың шығысында үлкен ірі көлемдегі, іргесі ірі тастармен қаланған кесенелер орналасқан. Қазбалар нәтижесінде, 1 қазбадан қыш бұйымдар мен ыдыстар, 2 қазбадан мал сүйектері, 3 қазбадан қыш бұйымдар мен ұсақ мал сүйектері табылды. Сонымен қатар, екі тұтқалы құмыра мен қазан бөлшектері мен темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар табылды.