Жетісу өңірінің ежелгі түркілері жайлы жаңа мәліметтер
2017 ж. Алмалық ауылының маңында құтқару қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба барысында адам мен жылқының жерлеу орны анықталды. Табылған олжалардың ішінде ерекше атап өтуге болатын қоладан жасалған «салтов» типіндегі сырғаны айтуға болады. Бөлшекті қола сырғаның табылуы зерттелген ескерткіштің мәдени-хронологиялық шеңберін анықтауға мүмкіндік береді және белгілі бір дәрежеде мәйіттің ежелгі түркі қоғамында әлеуметтік мәртебесін көрсетеді. Қабір шұңқырында ат әбзелдерінің темірден жасалған бөлшектері табылды. Ұқсастықтарды іздеу барысында Жетісу мен Шығыс Қазақстан, Алтайдың ерте ортағасырлық тұрғындарының арасындағы тығыз қарым-қатынасы мен байланысы анықталды. Табылған олжалар Еуразияның далалы және таулы аймақтарында ауқымды соғыс қимылдары мен халықтың жаппай көшуінде орын алған ортағасырлық көшпенділер дәуірінде ат әбзелдерінің ерекше маңызын тағы да дәлелдейді. Табылған заттарды салыстырмалы-типологиялық сараптау мен талдау барысында морфологиялық және техникалық сипаттамалары жасалып, ұқсастықтары бойынша жақын ұқсастықтары анықталды. Жерлеу орнынан шаққан олжаларды талдау негізінде ескерткіштің ежелгі түркі қоғамына тиесілі екендігін көрсетті. Ескерткіш VIII–IX ғғ. мерзімделеді.