Солтүстік Балқаш маңындағы ежелгі тас дәуірінің зерттелуі
Солтүстік Балқаш маңын зерттеу жұмыстарында көп жылдар бойы еңбек еткен А.Г. Медоев. Бұл аудан солтүстікте – Сары-Арқа Бас су бөлінісінен, батыста Мойынты өзенінің өңірін, шығысында – Аягөз өзенінің өңірін, оңтүстікте Балқаш көліне дейінгі жерлерді алып жатыр. Зерттеу жұмыстары барысында мəдениеттің бастапқы көптеген түрлері ашылды, бұл геологтар мен палеолиттанушы топтар бірлестігі нəтижесінде қол жеткізген жеңіс. Тарих ғылымдарының профессоры П.И. Борисковтың пікірінше Солтүстік Балқаш аймағында табылған заттар археология саласында баға жетпес бұйымдар. Екінші зерттеу кезеңі 1961 жылдың шілде-қыркүйек айларында Солтүстік Балқаш, Солтүстік- Батыс Балқаш маңында жəне Шыңғыс тау жоталарында зерттеу жүргізді. Басты жұмыс Солтүстік Балқаштың орталық бөлігінде жүргізілді.