Ә.М. Оразбаевтің Зайсан көлінің солтүстіндегі зерртеу жұмыстары
Осы экспедицияда 1956 жылы № 3 отрядын басқарып Құлажорға жəне Усть-Бөкен ауылдары жанындағы ерте темір дəуірінің қорғандарына қазба жұмыстарын жүргізеді. Ал 1958 жылы Қазақ ССР ҒА Тарих, археология жəне этнография институтының Бұқтырма археологиялық экспедициясын басқарып Ертіс аңғарындағы археологиялық ескерткіштерде зерттеу, барлау жұмыстарын жалғастырады. Сондай-ақ Зайсан көлінің солтүстік жағалауындағы ізденістерімен қатар 129 кейбір осындағы айрықша ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізеді. Бұл жылы Шығыс
Қазақстанның Ұлан, Самар жəне Күршім ауданының территориясында қазба жұмыстары іске асты. Біз тоқталмақшы болып отырған Күршім ауданындағы қазба Шиліқарын , Көкжар жəне Аманат тауы жанындағы ескерткіштерде болды. Қорымдағы қорғандар саны 12-ден 200-ге дейін жетеді.