2019 жылғы далалық маусым кезіндегі Рахат қала-жұртындағы археологиялық қазба жұмыстары
2019 жылғы ғылыми-зерттеу жобасы аясында жүргізілген далалық зерттеулердің нәтижелері, Жетісу халқының материалдық мәдениетінің семиозисін археологиялық тұрғыдан зерттеу: сақ дәуірінен ХІІІ ғасырға дейінгі Рахат археологиялық кешенінің материалдық ескерткіштерін одан әрі мәдени-ағартушылық, музейлік және туристік мақсаттарда, басқа да тарихи ошақ көзі ретінде ғылыми айналымға енгізу жұмыстары қарастырылған. Алдын ала жасалған тұжырым бойынша, Рахат археологиялық кешені тас дәуірінен бастап (төменгі палеолит дәуірінің тұрағы табылған) этнографиялық кезеңге дейінгі (XiX ғасырдағы су диірмендері мен жертөлелері) тұрғындарының тарихынан сыр шертетін бірегей орын екендігін көруге болады. Қалашықты одан әрі зерттеу жұмысы Есік шағын ауданындағы ортағасырлық қаланың экономикасы мен мәдениеті туралы толық ақпарат береді. Осылайша «Есік» қорық-музейі жүргізген Рахат шатқалындағы археологиялық зерттеу жұмыстары зерттелетін тарихи-мәдени мұра нысандарының ерекше бірегейлігін көрсетеді. Жетісу өңірі өзіндік тартымды геологиялық, морфологиялық және климаттық жағдайларына байланысты жартылай отырықшы тұрғындардың көне дәуірден ұзақ уақыт бойы бұл өңірді қоныстануынан тарихи дәуірлер сабақтастығын байқауға болады.