Бурнооктябрьск (Жылқышытөбе) қалашығында 2018–2019 жылдары жүргізілген зерттеулер

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Бурнооктябрьск қалашығында 2018–2019 жылдары жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері баяндалады. Көлемі 110×100×18–20 м болатын төбенің оңтүстік шетінен салынған қазба бұл жерде екі қабатты құрылыс кешенінің болғандығын анықтады. Қазба барысында кешеннің әртүрлі көлемдегі бірнеше бөлмелері ашылды. Бөлмелердің қам кесектен қаланған қабырғаларының қалыңдығы 2 м және одан да көп, сақталған биіктігі 3–3,5   м. Қазбадан табылған археологиялық материалдардың сипаты кешеннің І–ІV  ғғ. аралығымен мерзімделетіндігін көрсетті. Табылған материалдар Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеттері материалдарымен өте ұқсас. Құрылыс салу тәсілі де етене жақын. Зерттеу барысында алынған мәліметтер кешенді қаңлы дәуірінде осы өңірді мекендеген егінші қауымның орталығы болған деп тұжырымдауға негіз береді

Бөлісу

Дереккөздер

  • Талеев Д.Ә., Торбеков Е.С. Бурнооктябрьск (Жылқышытөбе) қалашығында 2018–2019 жылдары жүргізілген зерттеулер // Қазақстан археологиясы. – 2020. – 2 (8).
Авторлар:Талеев Докей Абдикеримович,Торбеков Ескендірбек Санжарұлы

Экспедиция