Төлебайтөбе ІІІ қорымында катакомбалық жерлеулерді қазу

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті археологиялық жасағының, ҚР Орталық мемлекеттік музейінің экспедициясы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің қатысуымен және "Бәйтерек-Келдібек" қоғамдық қорының қолдауымен 2021 жылы Қараспан ауылы маңындағы (Ордабасы ауданы, Түркістан облысы) Төлебайтөбе ІІІ қорымын зерттеуді жалғастырды. 6 және 7 обалардағы катакомбалық жерлеулерді зерттеу барысында мынадай бұйымдар жиынтығы табылды: ыдыс-аяқ, қару-жарақ( темір жебе ұштары), тұрмыстық заттар ( темір пышақтар), әшекейлер (моншақтан жасалған қол білезіктер жиынтығы, каури қабыршақтары мен жұдырық тәрізді кәріптасты алқалар). сонымен қатар өзінің этномәдени параметрлері бойынша Қаңлы мемлекеті мен азиялық сарматтармен байланысты сәндік-бояу құралдары ( тас сүрмелер мен графит түріндегі бояғыш негіздер), қола сырғалар мен сақиналар және басқа арптефактілер табылды. Төлебайтөбе ІІІ қорымының катакомбалық жерлеулерінен алынған археологиялық материалдарды мерзімдік тұрғыдан талдау арқылы б.д.д. І ғасыр – б.д. ІІІ ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді.

Бөлісу

Дереккөздер

  • Подушкин А.Н., Донец А.Г. Төлебайтөбе ІІІ қорымында катакомбалық жерлеулерді қазу // Марғұлан оқулары–2021: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 30 жылдығына арналған «Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы Дала» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (Алматы қ., 26–27 қазан 2021 ж.). 3 томдық. - Алматы: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, 2021. - 2-том. - 280 б.
Авторлар:Подушкин Александр Николаевич,Донец Андрей Геннадиевич

Экспедиция