Ортағасырлық Қышқала қаласына жүргізілген зерттеулер
XIII-ХV ғғ. өмір сүрген қала орны 1243 жылдан бері Қышқала аталып келеді. 2018 жылы мамыр-маусым айларында тарих ғылымдарының докторы Мадияр Елеуовтың жетекшілігімен Қызылорда облысының Қоғалыкөл ауылының маңында, 30 шақырымға жуықтайтын жерде орналасқан Қышқала қаласына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы аумағы 40-50 шақырымды құрайды. Ортағасырлық Қышқала қаласындағы 2018 жылғы жүргізілген қазба 1, сонымен бірге 2019 жылғы қазба 2 жұмыстары барысында музей қоры археологиялық дүиелермен толықты. Атап айтсақ, глазурленген 8 бұрышты, 6 бұрышты ою-өрнекпен, ислами жазбалармен безендірілген кесене қаптамасының бөлшектері. 2020 жылы қалашыққа Қазба 5,6,7 жүргізіліп, қазба барысында табылған археологиялық заттар есепке алынып, табылған заттар далалық лабораториядан өтіп, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына тапсырылды.