Атырау университетінде археология оқу-әдістеме зертханасы ашылды

10.10.2022 15:22

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде археология оқу-әдістеме зертханасы ашылды.

«Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасының базасында жұмыс істейтін зертхананы ашудағы мақсат – аймақтағы археологиялық қазба орындарын зерттеу, жастарды ғылыми зерттеулерге тарту, олардың археология мен тарихқа деген қызығушылығын арттыру.

- Біздің университетіміз археологиялық қазба жұмыс­тарын жүргізуге арнайы лицензиясы бар жоғары оқу орындарының қатарына кі­реді. Университеттің археологтері Атырау облысының аума­ғын­да археологиялық зерттеу­лер жүргізуге үле­сін қосып ке­леді. Олар жаз мау­сымында ежелгі Сарай­шық қаласының орнында жүр­гі­зілген қазба жұмыстарына қатысты. Қазба жұмыстары кезін­де көптеген құнды жәді­гер табылды. Сол себептен, жаңа археологиялық оқу-әдіс­темелік зертхана студенттер мен жас ғалымдардың ар­хеологиялық нысандар­ды зерттеуіне, құнды жәді­гер­лерді табуына жол ашады, – дейді оқу орнының ректоры Саламат Идрисов.

Былтыр университеттің археология экспедициясы Қы­зылқоға ауданындағы Мұқыр ауылдық округінің аумағында орналасқан темір дәуіріне жататын қорғандарға зерттеу жүргізген. Сол экс­пе­ди­­ция­ға жетекшілік еткен та­рих ғылымдарының докторы Сайфолла Сапановтың ай­туынша, бір қорғаннан үш жауынгердің сүйегі та­былған. Бірінің жанында қару-жа­рақ­тары мен екі мың жыл бұ­рынғы құмыра, төрт қойдың сүйегі, найза, пышақ, бір қорап жебе болған.

– Бір қорғанда үш адамның жерленуі сирек кездеседі. Мұны біз сармат дәуіріндегі жа­уынгерлер деген тұжырым жасадық. Бір жауынгердің оң қолы білек тұсынан кесілген, – дейді С.Сапанов.