Атырау облысында ХІV ғасырға жататын мыс және күміс тиындар көмбесі табылды

17.08.2022 16:10

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мамандары ортағасырлық Сарайшық қалашығында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, мыс және күміс теңгелер көмбесін тапты, деп хабарлайды  archaeology.kz сайты.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ортағасырлық қаланың тұрғын жайлары, кәріз жүйесі, керамикалық ыдыстар, моншақтар, өңделген сүйектер, диірмен, ұршық пен қайрақтың тастары, темір бұйымдар фрагменттері, тұрғын үйлердің жылу жүйесі табылды.

Қазба орнынан ХІV ғасырдың екінші жартысына, Алтын Орда дәуіріне сәйкес келетін күміс, мыс тиындар көмбесін таптық. Көмбеден 200-ге жуық күміс, 50-ге жуық мыс тиын шықты. Бұл тиындар Алтын Орда хандары Жәнібек пен Азиз-Шейх хандардың тұсында соғылғаны анықталды», - дейді археолог Амангелді Зайнов.

Қазба жұмыстарына Атырау облысының әкімдігі қолдау білдірген.