«Қазақстандағы археологиялық зерттеулер – 2021» ғылыми жинағы шығарылады

19.05.2022 09:00
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты «Қазақстандағы археологиялық зерттеулер – 2021» ғылыми-анықтамалық жинағын шығаруды жоспарлауда.

Жинақ Қазақстандағы 2021 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының ақпараттарын жинақтап, баспадан шығаруға арналған. Ағымдағы жылы 2021 жылғы қазба жұмыстары бойынша деректер өңделеді, ал кейінгі уақыттарды өткен жылдардағы қазба жұмыстарының мәліметтері жинақталады. Бұл жұмыстар Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстарының ортақ базасын қалыптастыру аясында атқарылуда. 

Жинақ екі тілде (қазақ және орыс) жарияланады. Оның электронды нұсқасы болашақта «Қазақстан археологиясының веб-порталында» (www.archaeology.kz) орналастырылады.

Осы орайда Сіздерді аталған жинақты құрастыруда өз септіктеріңізді тигізуді сұраймыз.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар. 

Мақала мәтіні MS WORD мәтіндік редакторда, көлемі А4 форматының 2 бетінен аспауы қажет. Автор(лар)дың ұйғарымына қарай 2-3 дана түрлі-түсті сурет қажет (суреттер мақала мәтінінің көлеміне кірмейді). Мақала мәтіні Times New Roman қаріпмен, 14 кегльде, аралық интервал 1 форматында болуы керек. Бет жолақтары: сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см, асты-үсті – 2 см. Абзацтық шегініс 1 см. 

Парақтың жоғарғы оң жақ бөлігіне мақала авторының аты-жөні қою шрифтпен. Бір интервал төменде мақаланың аты қою шрифтімен, бас әріптермен беріледі.

Мәтіндегі суреттерге, таблицаларға және жарияланымдарға сілтеме жақшалар арқылы беріледі: (сур. 1,3; 2, 1), (табл. 1), (Марғұлан, 1979, 47 бет, сур.1, 1).

Иллюстрация (сапалы қара-ақ түсті суреттер және сапалы фото суреттер 300 dpi-тен кем емес) жеке файлда ұсынылуы (.jpg немесе .tif форматында) қажет, оның атауында автордың аты-жөні және суреттің реті көрсетіледі.

Мақал соңында автор(лар) туралы мәлімет беріледі: жұмыс орны, қызметі, ғылыми атағы, e-mail мекен-жайы.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі.

Д.Б. Дүйсенбай

ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ АБЫЛАЙ ҚОНЫСЫНДАҒЫ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін (Бейсенов, Ломан, 2009).

Кілт сөздер: Орталық Қазақстан, Қарағанды, Қарқаралы, ерте темір дәуірі, қоныс, қазба

Әдебиет

Бейсенов А.З., Ломан В.Г. Древние поселения Центрального Казахстана. – Алматы: Інжу-Маржан, 2009. – 264 с.

Дүйсенбай Данияр Болатбекұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері, PhD докторант, daniar_db88@mail.ru.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес рәсімделген мақаланы ағымдағы жылғы 10 наурызға дейін archaeology.kz@gmail.com мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Қосымша сұрақтарыңыз болса +7 727 91 90 35 (ішкі 614) немесе +7 705 580 22 63 (Әбдінұр Нұсқабай) хабарласа аласыздар.