Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі тағайындалды

11.01.2022 17:00

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды, деп хабарлайды archaeology.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына Дәурен Әскербекұлы Абаев тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Дәурен Әскербекұлы Абаев бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Қызмет жолы:

  • ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003);
  • Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003);
  • Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007);
  • ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007);
  • ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008);
  • ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009);
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016);
  • Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019). 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
  • 2020 жылдың ақпан айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.
  • «Парасат» және «Кұрмет» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.