
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ащысу өзенінің сол жағалауында, Жосалы санаторийнен солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 11 км жерде орналасқан.
6 құрылыстан тұрады. 1 құрылыс – көлемі 7х1,5 м, биіктігі 0,3 м тас қалама. Осы қаламаның шығысында 2 құрылыс – мұртты тас қорған орналасқан. Қорғанның диаметрі – 9 м, биіктігі – 0,3 м. Қорғаннан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы шамамен 80-90 м тас қорғандар созылып жатыр. Олар кішігірім тас қорғаншалармен басталып аяқталып отырады. 3 құрылыс – көлденең қаланған плиталы дөңгелек тас қоршау, қоршаудың диаметрі – 6 м, ішінде көлемі 1,5х1 м тас жәшік плиталары көзге түседі. 4 құрылыс – биіктігі жер қабатынан 0,2-0,3 м дейін тігінен қаланған плиталы қоршау, диаметрі – 7 м. 5 құрылыс – жалпағынан жатқан плиталы қоршау, қоршаудың диаметрі – 5 м, қоршаудың ішінде – солтүстік-оңтүстікке қараған, көлемі 1,5х1 м, биіктігі 0,2 м тас қалама бар. 6 құрылыс – диаметрі 10 м, биіктігі – 0,3 м мұртты тас қорған. Мұртының ұзындығы шамамен 35 м, оңтүстік-шығысқа бағытталған. Солтүстік жағындағы мұрты диаметрі 5 м, биіктігі 0,2 м тас қорғанмен жабылған.
2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.