
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 1000
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Көктал өзенінің сол жағалауында, Жүніс қыстауынан солтүстік-батысқа қарай 1,7 км жерде орналасқан.
Төрт құрылыстан тұрады. 1 құрылыс – мұртты қорғандар кешені. Қорғанның диаметрі – 9 м, биктігі – 0,3 м. Одан солтүстік-шығысқа қарай ені 1-1,2 м тас мұрттар шығады. Солтүстік мұртының ұзындығы – 300 м, оңтүстік – 460 м. Бұл қорғаннан оңтүстік-батысқа қарай диаметрі 10 , биіктігі 0,5 м басқа қорған орналасқан. Мұртты кешеннің оңтүстігінде екі тас бейіт пен диаметрі 6 м, биіктігі – 0,4 м тас қорған бар.
2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.