
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Жосалы санаторийінен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 3,4 км, уақытша су ағысының сол жағалауында, кішігірім жазық төбе басында орналасқан.
Ескерткіш 11 құрылыстан тұрады. Солтүстік-шығыс бойымен созылып жатыр. 1 құрылыс – диаметрі 13 м, биіктігі – 0,3 м тас қорған. Қорғанның солтүстік-шығысында ұзындығы шамамен 50 м, ені шамамен 1 м тас «мұртты» қорған созылып жатыр. 2 қорған – көлемі 6х5 м, биіктігі 0,2 м сопақша тас қалама, 3 қорған – диаметрі 6 м, биіктігі 0,1 м тас қорған. 4 құрылыс – көлемі 5х4 м тікбұрышты қорған, тігінен жалпақ плиталардан қаланған. Қоршаудың ортасында көлемі 2х1,5 м тікбұрышты тас жәшік орналасқан. Қоршаудың биіктігі жер қабатынан 0,2 м шығыңқы. 5 құрылыс – тіктөртбұрышты тігінен түскен плиталардан қаланған қоршау, қоршаудың ортасында көлемі 2х1,5 м тас жәшік орналасқан, жәшік плитасының биіктігі жер қабатынан 0,1-0,2 м шығыңқы. 6 құрылыс – көлемі 8х12х3 м, биіктігі 0,3 м Г тәріздес қалама. 7 құрылыс көлемі 3х4 м, биіктігі 0,2 м тікбұрышты тас қалама. 8 құрылыс – көлемі 4х5 м, биіктігі 0,2 м тікбұрышты тас қалама. 9 құрылыс – көлемі 5х6 м, биіктігі 0,2 м тікбұрышты тас қалама. 10 құрылыс – көлемі 6х7 м, биіктігі шамамен 0,1 м тікбұрышты көлденең плиталардан құрылған қалама. 11 құрылыс – диаметрі 9 м, биіктігі 0,3 м тас қорған.
2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.