Жебірейіл ата кесенесі

Жебірейіл ата кесенесі

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы
Кезеңі
1801 – 1900
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Кесене
Түрі
Монументтік өнер құрылыстары

Дереккөздер

  • Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.

Сипаттама

Аңыз бойынша Ысмайыл атаның (Ибраһим атаның екінші ұлы) бауыры моласының үстіне, бұрынғы кесененің орны- на тұрғызылған. Екі саяжолдың қиылысында, мешітке қарама-қарсы, қақпаның оң жағында орналасқан. Көлемі шамамен 4х4 м құрайтын төртбұрышты бөлмеден тұратын порталды- күмбезді кесене. Еуропалық үлгідегі тікбұрышты кірпіштен қаланған. Оңтүстік және батыс фасады архитектуралық тұрғыда орындалған. Бұл сопылық салт жораларға бойсұнумен байланысты Сырдария бойы ауданының ислам мемориалдық сәулет өнері ерекшелігін меңзейді (Сайрамның екі портал- ды кесенелерін еске түсіруге, сонымен бірге оңтүстік және батыс фасады бар басқа да ке- сенелерден көруге болады). Оңтүстік (басты) фасады «П» тәрізді жиектелген сүйір арка- лы портал түрінде орындалған. Портал бүйір қабырғаларымен бір жазықтықтың бойында орналасқан. Оның бұрыштарын дөңгеленген бағаналар қапталдап тұр. Батыс фасады тік қалақпен үш тегіс аркаға бөлінген, олардың ортадағысына терезе ойығы жасалған.

Ескерткіш республикалық маңызға ие. 1982 ж. мемлекет қорғауына алынған. Діни ту- ризм және мінәжат ету нысаны.

Деректер

Генеалогические грамоты и сакральные семейства: насаб-нама и группы ходжей, связанных с сакраль- ным сказанием об Исхак-Бабе в XIX – XX веках. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 368 с.

Диваев А.А. Предание о Хазрет-и-Исмаил-Ата // Турке- станские Ведомости. – 1901. – № 20. – С. 24–25.

Исламизация и сакральные родословные в Центральной Азии: наследие Исхак-Баба в нарративной и генеало- гической традициях. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – Т. 2. – 368 с.

Туякбаева Б.Т., Проскурин А.Н. Мазар Джабраила // Свод памятников истории и культуры Казахстана. – Алма- Ата: Гл. ред. «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – Т. 1: ЮКО. – 368 с. – С. 185.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу