В.И. Чапаевтың музей кешені

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы
Кезеңі
1919 – 1957
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Кешен, Сәулет ескерткіші, Қала құрылысы
Түрі
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Сипаттама

В.И. Чапаев музей кешеніне: 25-ші Чапаев дивизиясының штабы, қазіргі В.И. Чапаевтың мемориалдық музейі, В.И. Чапаевтың қайтыс болған жері және чапаевтардың бауырлас қабірі кіреді.

Ескі екі қабатты мемориалдық музей ғимараты – көпес С. Манжуковтың үйі, 1854 жылы салынған.

1919 жылы тамызда ғимаратта В.И. Чапаев басқарған 25-ші атқыштар дивизиясының штабы орналасты. Музей 1941 жылы ашылды, 1959 жылы КОКП ОК мен Қазақстан үкіметінің шешімімен В.И. Чапаевтың республикалық музейі ашылды. В.И. Чапаевтың өмірі мен қызметіне және 25-ші атқыштар дивизиясының даңқты жолына арналған экспозиция 5 залда орналасқан.

Бірінші зал В. И. Чапаев дәуірін жаңғыртады, екінші зал Халық қаһарманы Исатай Тайманов пен ақын-патриот Махамбет Өтемісовтың басшылығындағы қазақ шаруаларының көтерілісіне арналған материалдарды қамтиды. Үшінші зал экспозициясы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығына арналған. Төртінші зал халық жазушысы Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған. Бесінші зал Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған, Аталмыш залда Ақжайық ауданының Тәуелсіздік жылдарындағы экономика, білім, медицина, мәдениет, спорт және туризм саласындағы жетістіктері ұсынылған.



Карта

Бөлісу