
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Көктал өзенінің оң жағалауында, Қарағанды қ. Әуежайынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан. Жоғары қабатта әзер айыруға болатын 10 топырақты қорған мен тігінен қаланған плиталы жекелеген қоршаулар көзге түседі. Қорғандардың биіктігі 0,15 м дейін жетеді, диаметрі – 6-8 м. Қоршаулардың пішіні мен көлемдерін анықтау мүмкін емес. Олар тігінен қаланған тас плиталармен көзге әзер шалынады.
2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.