
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 0
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Үкілі тауының оң жақ беткейінде Қутұмсық с. оңтүстікке қарай 1,8 км, Тельман с. оңтүстік-батысында 5,3 км, Қаракөл көлінен Б 3,8 км жерде орналасқан.
Кешен екі құрылыстан тұрады.
Құрылыс 1 сопақша пішінді тастан үйілген қорған,, ұзындығы 16 м, ені 7 м, биіктігі 1 м.
Құрылыс 2 – диаметрі 10 м, биіктігі 1,5 м тастан үйілген қорған, бұдан күрт төмен қарай екі тас қалама бар. Ұзындығы 50 м, ені 1-1,5 м, биіктігі 0,5 м-ге жетеді.
2008 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.