
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш Самарқанд селосынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км жерде, Нұра өзінінің алқапты аймағының жоғарғы жағында, Тегісжол селосынан шығыс - солтүстік-шығысқа қарай 3 км, Қарағанды–Киевка тас жолы мен көпірінен солтүстік-шығысқа қарай 1 км, Темірқаш қонысының солтүстігінде 500 м жерде орналасқан.
Ескерткіш аумағын арықтар басып қалған және жыртылған. 2001 жылы ескерткіштен табылған 10 тас құрылыстан, 2008 жылы 8 құрылыс қалған. Қорымдық құрылыстар биіктігі 0,3-0,4 м сопақша қаламалардан тұрады. Бұл қаламалар жер жырту кезінде бүлініске ұшыраған, кейбіреулерінен тек шашылған тастар ғана қалған. Ең ірі құрылысы көлемі 10х9-8 м сопақша қорғандар түрінде кездеседі.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ экспедициясы 2003, 2004 жылдары қазба жұмыстарын жүргізген. Беғазы-дәндібай мәдениетінің 2 жерлеу орны мен ерте темір ғасырының бір қорғаны зерттелген. Материалдар Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы.
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.