
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 0
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған кішігірім қыратта Қутұмсық с. солтүстік-батысында 3 км, Тельман с. орталық мекенінен солтүстік-батысқа қарай 6,3 км, Тельман-Осакаров грейдерінен солтүстікке қарай 1,5 км жерде орналасқан. Қорым тастан үйілген төрт қорғаннан тұрады.
Қорған 1. Диаметрі 20 м, биіктігі 1,5 м.
Қорған 2. Диаметрі 5 м, биіктігі 0,3 м. бұдан екі доға тәріздес етегіне тас үйілген тас қалама (мұртшалар) шығады.
Қорған 3. Диаметрі 4 м, биіктігі 0,3 м.
Қорған 4. Диаметрі 4 м, биіктігі 0,3 м (9 сурет).
1990 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.