Тегісжол 2 қонысы

Тегісжол 2 қонысы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қоныс
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Тегісжол 2 қонысы Нұра өзенінің сол жағалауында, өзен ағысынан оңтүстік-шығысқа қарай, Тегісжол селосынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км, Қарағанды-Киевка автожолынан оңтүстікке қарай 3 км жерде, кішігірім төбе басында орналасқан. Ескерткіштің аумағы жыртылған және арықтар мен сүрлеу жолдар басып қалған. Жоғарығы қабатында саздан жасалған ыдыс-аяқтар сынықтары мен жануарлардың ұсақ сүйектері табылған. Керамиканың табылу аумағы – 6 000 шаршы метр. Ескерткіштің солтүстік бөлігінде солтүстік-оңтүстікке қарай созылған сопақша пішінді қорған орналасқан. Оның көлемі 8х8 м, биіктігі – 0,5 м. Қоныстан табылған керамика бейнесі бойынша қола дәуіріне жатқызылады.

Тегісжол 2 қонысын 2007 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан. (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу