Тасқара 2 қорымы

Тасқара 2 қорымы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 1000
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Керей өзенінің сол жағалауынан батысына қарай 1 км, тригопункт-1 батысына қарай 3 км, тригопункт-2 солтүстік-шығысына қарай 3 км, тригопункт-3 оңтүстік-шығысына қарай 10 км жерде, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа созылған жотаның төбесінде орналасқан.

Қорым бірнеше құрылымдардан тұрады.

1-диаметрі 10 м, биіктігі 1,5 м қиыршық тасты-топырақ үйіндісі бар қорған.

2-диаметрі 5 м, биіктігі 1 м тас үйіндісі бар қорған.

3-өлшемі 2*1 м, биіктігі 0,2 м болатын төртбұрышты пішінді тас төсеу

Ескерткішті 2011 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу